• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2015

Қостанайда өрттен үш адам қаза тапты

196 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 11 наурыз. Қостанай облысы Рудный қаласындағы бір отбасы үшін мереке қайғылы жағдаймен аяқталды. Өртенген үйден екі мәйіт, жылу камерасында тұтанған өрттен тағы бір мәйіт табылды. Бұл туралы alau.kz хабарлады. Наурыздың 7-нен 8-не қараған түні Рудный қаласындағы мамандандырылған өрт бөлімшесіне Желерудная стансасында қамыстан жасалған үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар келіп түседі. Өрт сөндіру кезінде үйден ана мен қызының мәйіті табылды. Қыз бала осы стансадағы № 20 мектептің 6 сыныбында оқиды. Бұл берекесіз отбасы ретінде тіркелген, анасы ішімдікке салынған болатын. Қазір өрттің себебі анықталуды. Сонымен қатар Рудный қаалсындағы Горький көшесінде қоқыс тайтайтын орынның жанып жатқаны белгілі болды. Сол жерден ер адамның мәйіті табылды. Ішімдікке салынып, қаңғып жүрген бейбақ жылу камерасында оттан абай болмаған. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: alau.kz.