• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2015

Қостанайдың жас ғалымдары Оңтүстік Кореядан табыспен оралды

209 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 11 наурыз. Қостанайдағы мектеп оқушылары халықаралық «Жас ғалым» байқауынан табыспен оралды. Қостанайлықтар үш аталым бойынша жеңімпаз атанды. Олар енді өз өнертабыстарын патенттеуді ойластырып отыр. Бұл туралы alau.kz хабарлады. 11-сынып оқушысы Арман Қабдышев халықаралық білім жарысына өсімдік зиянкестеріне қарсы өзі ойлап тапқан препаратын апарды. Арман Қабдышев: «Мен ойлап тапқан препарат экологиялық тазалығымен ерекшеленеді, адам ағзасына зиянсыз. Қазіргі химиялық препараттар қоршаған ортаны ластайды», деді. 11-сыныптағы Арман Қабдышев пен Олас Сүндетбаев өз аталымы бойынша суырылып алға шықты. Олар байқаудың алтын медалі мен өз атына жазылған дипломмен марапатталды. Олжас Сүндетбаевтың жұмысы тым инновациялығымен ерекшеленіп, ол алғашында жүрексінген болатын. Алайда, оның тәуекелі үмітін ақтады. Олжас Сүндатбаев: «кеңістікте тепе-теңдікті сақтауды вертолет құрастыруда және смортфон өндірісінде пайдалануға болады» дейді. Қазір жас ғалымдар өз жаңалықтарын патенттеу үшін құжаттар жинастырып жатыр. Оңтүстік Кореядағы «Жас ғалымдар» халықаралық байқауына Қостанайдан 6 оқушы қатысты. Оның төртеуі табыспен оралды. Олар облыс орталығындағы №7 мектептің, Қазақ-түрік лицейінің, «Озат» арынды балалар мектебінің және Затобол гимназиясының оқушылары. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: alau.kz.