АСТАНА. 11 наурыз АҚШ ғалымдары тәулігіне 8 сағат ұйықтау көптеген аурулардың пайда болуына, тіпті, адамдардың ертерек өлуіне себепкер болатынын мәлімдеді. Бұл туралы mir24.tv хабарлады.
Ғалымдар адамдардың жұмыс күндері аз көз іліп, оның есесіне демалыста бас көтермей ұйықтайтыны денсаулыққа кері әсерін тигізеді деп есептейді.
АҚШ-тың ең танымал Массачусетс университетіне қарасты ғылыми орталығының қызметкерлері көп ұйықтаудың зиянын дәлелдеу мақсатында 2 млн.-ға жуық адамға зерттеу жүргізіпті. Нәтижесінде, мамандар адамға көз шырымын аз алғаннан гөрі көп ұйықтаудың зардабы мол болатынына көз жеткізген.
Жалпы, ғалымдардың сөзіне қарағанда, ұзақ ұйықтау арқылы өз бойларымыздағы энергия қорын молайтамыз деп санайтын адамдар қателесетін көрінеді.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: mir24.tv.