• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2015

Назарбаев Президент сайлауына қатысуға келісімін берді

234 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 наурыз. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында болып өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде Мемлекет басшысы, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс Президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Бұл туралы «24KZ» хабарлады. «Мен сіздердің алдарыңызға келіп, сөз сөйлеп тұрмын. Өз кандидатурамды тек бір мақсат үшін ғана, алдымызда тұрған қиын міндеттерді шешуге бағытталған жаңа міндеттерді ұсыну үшін ғана ұсынатын боламын. Мен қалай Президент болу керек және ол не айту керек деген сауалдарға: «Адам сайлауға өз халқыңның өмірін жақсарту үшін нақты бағдарламалары мен мақсаттары болғанда ғана баруы керектігін айтамын», – деді Елбасы. Президент алдағы қойған белгілі бір мақсатын жоқ болса, сайлауға қатысудың қажеті жоқ екенін атап өтті. «Егер ондай мақсатың мен міндетің болмаса, онда сайлауға қатысудың да қажеті жоқ», – деді Н.Назарбаев. Сәкен Майлыбай.