• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2015

Қазақстанда жемқорлықпен күресетін жаңа бөлімше құрылады

251 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 наурыз. Қазақстанда жемқорлықпен күрес жүргізетін жаңа бөлімше құрылады. «Нұр Отан» партиясының съезінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Президент мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жасалуы керек екенін атап өтті. «Барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлерді толық аттестациядан өткізіп, меритократия қағидаттарын қорғау мен жемқорлыққа жол бермеудің жүйесін қалыптастыру керек. Бұл үшін мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің құрамынан жемқорлықпен күресетін жаңа бөлімше ашу керек. Қызметтің өзін нығайту керек», - деді Назарбаев. Ол мемлекеттік қызмет жөнінде жаңа заңның неге керек етілетінін түсіндірді. «Мемлекеттік қызмет, этностық және діни ерекшеліктеріне қарамастан, жұрттың бәріне өзін көрсетуге бірдей мүмкіндік берілетін әділ қоғамның көрінісі болуға тиіс», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сәкен Майлыбай.