• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2010

Жаз қызығы қыза түсті

626 рет
көрсетілді

Өткенде педагогика колледжінің қала сыртындағы, ерке Ертіс жағасындағы жазғы демалыс лагері № 8 жетім балалар үйіне берілгелі жатқанын естіп едік. Ақыры сол сөз рас болып шықты. Жетім көр­сең жебей жүр демекші, бұл оңды шаруа болды. Соның нәтижесінде, мұндағы жеткіншектердің арқасы бір кеңіп қалды. Бүгінде аталған балалар үйінде жүзден астам жеткіншек мемлекет қам­қор­лығына бөленген. Оларға мұнда барлық жағдай жасалған десе де бо­лады. Сол себептен де балалар үй­інде тәрбиеленушілер еш алаңсыз білім нәрімен сусындауда. Оның сыртында олардың өнермен, спорт­пен шұғыл­да­нуына да мүмкіндік мол. Осындай қамқорлық нәти­же­сінде балалар үйінің түлектері түрлі өнер сайыстары мен спорт жарыс­тарында, қалалық және облыстық олимпиадаларда жарып шығып, жеңімпаз атанып келеді десек, би­ылғы түлектердің бар­шасы жоғары білім алуға талпынып отырған көрінеді. Оның ішінде әскери оқу орындарына түсуге тілек білдіріп отырғандар да жоқ емес. – Қала сыртындағы демалыс ла­герінде сексен оқушымыз  алаң­сыз дема­луда, – дейді балалар үйінің директоры Сержан Оқасов, – олар мұнда бақандай екі ай дем алмақ. Ал бұл аз уақыт емес. Сондықтан оқу­шы­лардың жазғы дема­лысын көңілді өткізулері үшін барлық жағдайды жа­сауға тырысып бағудамыз. Мұның сыртында 20 оқушымыз көрікті Катонқарағай өңіріне саяхат шегіп қайтты. Қысқасы, біздегі әр оқушы жазғы қамқорлықтан тыс қалмақ емес. Балалар үйінің директоры солай дей келіп, өздеріне қашанда қолұшын беріп келе жатқан демеушілер есімін атай кетуді де ұмытпаған. Осы орайда, ол бірінші кезекте педаго­гика колледжінің басшы­лы­ғына алғыс білдірген. Ал одан кейінгі жер­де Ғ.Ибраев, Р.Ші­л­дебаев, Т.Ман­сұров сынды және басқа кәсіпк­ер­лердің есімдері құрметпен аталған. Бізді басқасы басқа, директор мыр­заның өз түлектерінің алдағы тағ­дырына да алаңдайтыны сүй­сіндір­ген. Несие­мен оқу бітірген түлек­теріміз бас­панамен бірден қамта­масыз етілуі тиіс. Мен сол үшін күресудемін дейді ол. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.