• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2015

Облыс әкімінің бұрынғы кеңесшісіне қатысты сот басталды

212 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 наурыз. Павлодар облысы әкімінің бұрынғы кеңесшісі Төлеген Бастеновтің ісіне  қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Естеріңізге сала кетсек, облыстың бұрынғы әкімі Ерлан Арын Т. Бастеновтің тұтқындалғаннан кейін кызметінен кетіп, артынша өзі қамауға алынған болатын. Арыслан Әбдіқалықов пен Төлеген Бастеновке Қылмыстық кодекстің 24 бабы, 3 және 117 бөлімінің 4 б тармақшасы бойынша айып тағылып отыр. Олар «Алаяқтықпен айналысу», яғни қызмет бабын пайдаланып, бір топ адамдармен алдын ала келісіп, бөтен мүлікті алдау арқылы иемденіп қалу бойынша айыпталуда. Қазір Т. Бастеновпен бірге семейлік құрылық компаниясының жетекшісіне де айып тағылуда. Сонымен бірге тағы үш адам осы іс бойынша үйқамақта отыр.  Олардың арасында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары да бар. Тергеу ісінің мәліметіне қарағанда, семейлік кәсіпкерлер мектеп құрылысына берілген мемлекеттік тендерді ұтып алуды көздеген.  Жобаның сомасы бір миллиард теңгеден астам болған. Осы мақсатта кәсіпкерлер Павлодарға келіп, облыс әкімінің бұрынғы кеңесшісі Төлеген Бастеновпен кездескен. Сол кезде ол кәсіпкерлерге көмектесе алатынын, алайда тендердің бес пайызын өзіне алатынын айтқан көрінеді. Бірақ ол кәсіпкерлер сұраған ақшасын тапсырып жатқанда ұсталады. Онымен бірге Павлодар облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Арыслан Әбдіқалықов та тұтқындалады. Дастан Кенжалин. Дерек: egemen.kz Сурет: egemen.kz