• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2015

Цифрлар сөйлейді: «Челси» vs «ПСЖ»

290 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 наурыз. Бүгін түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалында тағы төрт команда жасыл алаңға шығады. Яғни, екі ойын өтеді. Солардың бірі Лондонның «Челсиі» мен Париждің ПСЖ-сы арасындағы тартыс. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Лондонда өтетін ойында негізгі фаворит белгісіз. Себебі, Париждегі кездесуде қарсыластар 1:1 есебімен тең тарқасқан еді. Енді футболшылар мәселенің барлығын ағылшын жерінде шешпек. Осы ретте қос команданың Чемпиондар лигасындағы кейбір қызықты деректеріне назар аударайық. «Челси» турнир аясында өз алаңында Франция командаларымен өткізген соңғы алты ойынның бесеуінде гол жібермеген. Ал гол енгізіп алған сол жалғыз кездесу 2003-2004 жылғы маусымда тіркелген екен. Сол кезде «Челси» Лондонда «Монакомен» 2:2 есебімен тең ойнады. Екі ойынның қорытындысы бойынша «Монако» 5:3 есебімен жеңіске жеткен болатын. Тіпті сол маусымда франциялық команданың финалға дейін жеткенін білеміз. Егер бүгінгі ойын нәтижесі бойынша жарысты «Челси» жалғастыратын болса, лондондықтардың соңғы бес маусымдағы төртінші ширек финалы болмақ. Ал соңғы 9 жылды алатын болсақ, «Челсидің» аталған айналымдағы жетінші жорығы ретінде хатқа түседі. Биылғы маусымда ағылшындар өз тобынан бірінші орынмен шыққаны белгілі. «Челсидің» дәл осындай көрсеткіші соңғы 12 маусымда 9 рет тіркелді. Ал осы уақыт аралығында бір мәрте топтан шыға алмай қалған. Ол 2012-2013 жылғы маусым. Сол жылғы сайысқа «Челси» жеңімпаз ретінде қатысқан болатын. Яғни, 2011-2012 жылғы маусымда лондондық команда тарихында алғаш және әзірге соңғы рет Чемпиондар лигасының кубогын иемденді. ПСЖ Чемпиондар лигасындағы сырт алаңда өткізген соңғы 15 ойынның жетеуінде жеңіске жетсе, төрт рет жеңілуге мәжбүр болған. Егер келесі кезеңге париждіктер өтетін болса, бұл ПСЖ үшін қатарынан үшінші ширек финал болады. Өткен маусымда олар дәл осы айналымда Леверкузеннің «Байерін» екі ойын нәтижесі бойынша 6:1 есебімен тізе бүктірді. Тіпті сол тартыста 4 голды сырт алаңда соққанын айта кетейік. Міне, екі команда арасындағы соңғы жылдардың кейбір деректері осындай. Осы сандарға қарап көпшілік басымдықты алаң иелеріне беруде. Сіздің пікіріңіз қандай? Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: eurosport.ru.

Командалар мына құрамда алаңға шығуы мүмкін.