Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Америка Құрама Штаттарының Еуразиялық энергетика жөніндегі арнайы елшісі Ричард Морнингстармен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесуде екіжақты энергетикалық іс-қимылдарды дамыту, сол сияқты Қазақстанның отын-энергетика секторындағы америкалық компаниялардың қызметі жөнінде кең ауқымды мәселелер талқыланды.