“Орбұлақ шайқасындағы” ата-баба ерлігі еш ұмытылмас. Есім хан тұсында қалмақтармен болған соғыстарда (1620-1638 жылдары) Жиембет бастаған батырлар үлкен жеңіске жетеді. Тарихымыздан белгілі, Есім ханның әскер басшысы, сазгер-жыршы Жиембет Біртоғашұлы осы соғыста ерен ерлік көрсеткен. Қолдағы бар деректерге жүгінсек, Қарасай батыр қолға түсіп қалғанда Жиембет пен Алатау батырлар оны асқан ерлікпен құтқарған көрінеді. Міне, сол тарихи тұлға – Жиембет жырау есімімен Астананың экономикалық аймағында бір көше аталатын болды. Астана көшесіне Жиембет есімінің бұйыруына қалалық тіл қоғамы мен қалалық мәслихаттың депутаттары мұрындық болды.
Табыл ҚҰЛЫЯС.