Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз Қазақстан агенттігі 2010 жылдағы Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының РЕЙТИНГІН ұсынады (БСҚЕТҚА), агенттік әлеуметтік-жауапты мекеме ұйым ретінде рейтингтің білім сапасын жақсартуға ықпал етеді және оларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажет деп санайды. Агенттік жобаға қолдау жасағаны үшін Президент Әкімшілігінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер мен талдау орталығына, қайтарымсыз негізде бағдарламалық қамтамасыз ету мен есептеуді жүзеге асырған жүйелі зерттеулер компанияларына ерекше алғысын білдіреді.
Бас рейтингті есептеу әдістемесі үш құрамдас негізге сүйенеді: 1) бұл жоғары оқу орындарының академиялық ресурстары сапасының бағасы, ол 60%; 2) құрайды; жоғары оқу орындарының қызметінің сапасын сараптамалық бағалау - 10%; 3) жұмыс берушілер мен мемлекеттік мекемелерде жүргізілген әлеуметтік сауалнама - 30%. Рейтингтің әдіснамасын 2007 жылы Шанхай университетінде өткен конференциядағы рейтинг бойынша (ІREG-3) Халықаралық сарапшылар тобы мақұлдаған, ол 2008 жылдың “Hіgher Educatіon іn Europe” №2-3 санында, Шанхайдағы қытай және ағылшын тілдерінде шығатын Халықаралық жоғары оқу орыны журналында жарияланған. Өткен Рейтинг-2008-дің әдіснамасымен салыстырғанда сарапшылардың сол орынға бармайынша тексеруіне қиындық келтіретін бірқатар индикаторлар қысқартылды. Агенттік көрсеткіштерді әртүрлі қайнаркөздерден жинақтады: жоғары оқу орындары ұсынған мәліметтер, Білім және ғылым министрлігінің ақпараттары, ғылыми-техникалық ақпараттар Орталығының деректері, Халықаралық бағдарламалар орталығының және университеттер сайтындағы ақпараттар.
Рейтинг нәтижелері агенттік жанынан құрылған рейтинг бойынша Қоғамдық кеңесте қарастырылды. Жоғарыда аталған үш бөлік бойынша алынған нәтижелер біріктіріліп жоғары оқу орындарының әр тобы үшін белгіленген рейтинг орындарына сәйкес ортақ көлемі анықталды, ол бас рейтинг деп аталды. Егер интегралды маңызы бар нәтижелер 3% көлемінде болса, онда бағыттар бойынша жоғары оқу орындарының бас рейтингі үшін бір орын жоғары оқу орнына берілді, өйткені мұндай аздаған ауытқуларды сарапшылардың қатесі ретінде санауға болады деп есептедік. Академиялық ресурстар бойынша Қазақстанның 78 жоғары оқу орны қаралды, сараптамалық бағалау және жұмыс берушіні бағалау бойынша Қазақстанның 132 жоғары оқу орнының барлығы қамтылды. Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнының бас рейтингінде еліміздің 62 жоғары оқу орны ұсынылды.
Барлық сауалнамалар бойынша рейтингтің нәтижелері агенттіктің www.nkaoko.kz/ratіng сайтына салынады.
Барлық талапкерлер мен олардың ата-аналарының жоғары оқу орнын таңдауына тілектеспіз, Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының Бас рейтингі олардың осы таңдауына көмек береді деп сенеміз!
Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз Қазақстан агенттігінің ғылыми жетекшісі, профессор Шолпан Қаланова.
* * *
Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бас рейтингі
Алдыңғы қатарлы көпсалалы университеттердің бас рейтингі
Орын Жоғары оқу орнының атауы
1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
3. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
4. М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
5. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
6. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
6. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
7. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
7. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
10. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
11. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
12. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
12. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
12. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
15. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
16. К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
16. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті (Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті)
18. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
19. Шығыс Қазақстан аймақтық университеті
Алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарының бас рейтингі
Орын Жоғары оқу орнының атауы
1 Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ)
2 Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
3 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
4 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
4 Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
6 Алматы энергетика және байланыс институты
7 Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
8 Алматы технологиялық университеті
9 М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы
10 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
11 Халықаралық білім корпорациясы (Қазақтың бас сәулет-құрылыс академиясы - ҚазБСҚА)
12 Азаматтық авиация академиясы
13 Рудный индустриалды институты
13 Атырау мұнай және газ институты
15 Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті
Алдыңғы қатарлы гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындарының рейтингі
Орын Жоғары оқу орнының атауы
1 ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
2 Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты (ҚМЭжБИ)
3 Қазақ гуманитарлық-заң университеті
3 Қазақкәсіподағының Қарағанды экономикалық университеті
3 Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті
6 Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
7 Халықаралық бизнес университеті (UІB)
8 Халықаралық білім корпорациясы (Қазақ-Америка университеті)
9 Халықаралық бизнес академиясы
9 “Тұран” университеті
11 Қарағанды “Болашақ” университеті
12 Қазақ спорт және туризм академиясы
13 Алматы экономика және статистика академиясы
14 Қазақстан-Америкалық еркін университеті
15 “Қайнар” университеті
16. Еуразия нарық институты
Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының бас рейтингі
Орын Жоғары оқу орнының атауы
1 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
2 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
3 Астана медицина университеті (Қазақ мемлекеттік медицина академиясы)
4 Семей қаласы мемлекеттік медицина университеті (Семей мемлекеттік медицина академиясы)
5 Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
6 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы)
Қазақстанның алдыңғы қатарлы педагогикалық
жоғары оқу орындарының бас рейтингі
Орын Жоғары оқу орнының атауы
1 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
2 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
3 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
4 Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
5 Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
6 Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
6 Семей мемлекеттік педагогикалық институты
8 Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары өнер оқу орындарының бас рейтингі
Орын Жоғары оқу орнының атауы
1 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
1 Қазақ ұлттық өнер университеті (Қазақ ұлттық саз академиясы)
3 Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
4 “Сымбат” сән бизнесі академиясы