• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
31 Шілде, 2010

Контрабанданың жолы кесілді

566 рет
көрсетілді

Шекарадан заңсыз зат алып өту үшін контрабандашылар әртүрлі қулықтарға барады. Сонымен, ағымдағы жылдың 26 шілдесінде Өскемен шекара отрядына қарасты “Қызыл ауыл” заставасының шекара нарядымен Қа­зақстаннан Ресейге беттеген БТР-60 ауыр кө­лі­г­інің қозғалысын аңғарып қалады. Мемле­кет­тік шекараға БТР-60 ауыр көлігі жақындағанда шекарашылар жүргізушіге көлікті тоқтатуды талап етеді. Бірақ БТР жүргізушісі бұл талапты орындамайды. Отан сақшылары заң бұзу­шының соңына түседі. Мемлекеттік шекара маңында көлікті тоқтату мақсатында шекара наряды ескерту оғын атқан. Бірақ, бұл әрекет те БТР-60 көлігінің жүргізушісін тоқтатқан жоқ. Шекарашылар көлікті тоқтату үшін БТР-60 доңғалақтарына оқ жаудырды. Іс кесушілерден қашып құтылу мақсатында контрабандашылар БТР-60 ауыр көлігінен “Қызыл ауыл” шекара заставасы әскери кыз­метшілері мінген мәшине доңғалақтарының ас­тына жүк лақтырады. Арам ойлы заң бұзу­шылардың бұл әрекеті шекарашыларға тос­қауыл болмады. Шекара нарядының білікті әрекеттерінің ар­қасында көлік тоқтатылды. Ресей Федера­ция­сының үш азаматы құрықталды. Тексеріс ба­ры­сында анықталғандай, БТР көлігі то­лығымен халық тұтынатын тауарларға лық тиелген екен. Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.