20.07.2010. Астана, Үкімет Үйі
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі бекітілсін.
Орталық мемлекеттік органдар екі ай мерзімде осы тізілімге енгізілген мемлекеттік қызметтердің стандарттарын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
745-қаулы