• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2010

Елшіге ризашылық білдірілді

364 рет
көрсетілді

4 тамызда Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Премьер-Министрі Кә­рім Мәсімов Сауд Арабиясы Ко­роль­дігінің Қазақстан Респуб­ли­касындағы Төтенше және өкі­летті елшісі Хишам Зараамен кез­десті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Премьер-Министр дипломатия­лық миссиясының мерзімі аяқта­лып келе жатқан елшіге екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде Х.Зараа екі жақты қа­рым-қатынастарды дамыту ісінде көр­сеткен көмегі үшін Қазақстан бас­шы­лығына өзінің ризашылық сезімін жеткізді. Кездесу қорытындысында тарап­тар Қазақстан мен Сауд Арабиясы Ко­рольдігі арасындағы қызметтестіктің одан әрі де ырғақты дами беретініне өздерінің сенімді екендіктерін білдірді.