• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
11 Тамыз, 2010

Президенттің құттықтауын жеткізді

572 рет
көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфти­лер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі ха­зірет қасиетті Меккеде Дүниежү­зі­лік Ислам Лигасының Бас хат­шы­сы Абдулла бин Абд әл-Мухсин ат-Түркиге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Лиганың құрылғанына 50 жыл толуына байланысты құттықтауын табыс етті. Онда: “Қазақстан Рес­публикасы хал­қының атынан және жеке өз атымнан Сізді Дүние­жү­зілік Ислам Лигасының құрыл­ғанына 50 жыл толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Қоғамның рухани құндылық­тарын, сондай-ақ конфессияаралық татулық пен келісімді нығайтуға ба­ғытталған Сіздің еңбегіңіз бен күш-жігеріңіз қазақстандық қоғамда кеңінен танымал. Сіздің басшылығыңыздағы Дү­ниежүзілік Ислам Лигасы көрсет­кен қолдаудың нәтижесінде Қазақ­стан бастамасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі бүгінгі таңда дінаралық келісім үр­дісін дамыту мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасуға мүмкіндік беретін тұғырнама ретінде қалып­тасты және әлемдегі түрлі конфес­сиялар өкілдерінің басын қосатын тиімді құралдардың біріне айналды. Осы мүмкіндікке орай Съез­дің алға қойған мақ­сат­тары мен міндеттерін жүзеге асыру жолында қо­сып отырған қомақты үле­сіңіз үшін Сізге және Дүниежүзілік Ислам Лигасына шынайы алғы­сымды білдіргім келеді. 2011 жылы Астанада “ТМД ел­деріндегі ислам дінінің бүгінгі жағ­дайы” тақырыбында халықаралық ислам конференциясын Сіздің қол­дауыңызбен өткізуді маңызды деп санаймын. Жаратқан Иемізден Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, ислам жо­лын­дағы игі істеріңіз бен бастама­ларыңызға сәттілік берсін деп ті­леймін. Бүкіл мұсылман қауымына Алла тағала нұрын жаудырып, бе­ре­ке-бірлігін арттыра берсін” делінген. Конференцияға Азия, Африка, Еуропа, Латын Америкасы, АҚШ ел­дерінің мемлекет және дін қай­рат­керлері һәм ғалымдары да қа­тыс­ты. Оның жұмысы елдің Королі Аб­дулла бин Абд әл-Әзиздің қол­дап, құттықтауымен, премьер-ми­нистр­дің орынбасары, корольдіктің ішкі істер министрі Наиф бин Әбд әл-Әзиздің қатысып сөз сөйлеуімен жалғасты. Бас мүфтиді арнайы қабылдау кезінде доктор Абдулла бин Абд әл-Мухсин ат-Түрки жа­һан­­дық бе­­делді мекеменің 50 жыл­дық тойы­мен құт­тық­та­ғаны үшін Қазақ­стан Ел­басына ризашы­лық білді­ріп, әл­емге әйгілі үлкен мем­­лекет қай­рат­ке­рінің уа­қыт бөліп, Лигаға ізгі ті­лек біл­діргеніне ал­ғыс біл­ді­ре ке­ле, Н.Ә.На­­зар­баев­қа рахмет айтып арна­йы хат жі­­беретінін мәлімдеді. Сауд елі Қазақ­стан­ның биыл ЕҚЫҰ секілді ха­лық­аралық беделді ұй­ым және келесі жылы ИКҰ-ға тө­раға бо­ла­ты­нын, Қазақ­стан­­ның Н.Ә.На­­­зарбаев­тың басшы­лығымен бұрын бол­маған үл­кен же­тіс­тік­тер­ге жетіп от­­ырғанына қуа­­ныш­ты екенін хабар­лады. Дінбасы шейх Әб­сат­­­­тар қажы Дер­­­­­бісәлі Қазақ­­стан мұсылман­да­ры­ның діни басқар­ма­сы Елбасы­ның игі саясатын дін арқылы қол­дап, Қазақстан хал­қы­ның ын­ты­мағы мен бірлігін сақ­тауда үлкен жұмыс жүргізіп отыр­ғанын, ол бас мүфти болғалы ислам діні биік бе­леске көтеріл­геніне назар аудартты. Қазақстанда Ислам уни­верситеті мен инсти­туты, 8 медресе ашылып, олардың ислам діні кадрларын даярлап жатқаны Лигаға мәлім екені, Қазақстанда соңғы 10 жылда 1000-ға жуық мешіттер салынғаны, діни істердің дұрыс жүргізілуі ар­қасында Діни басқар­ма­ның халық­тың қолдауына ие болып отырғаны сүйсінтетініне тоқталды. Кездесуден соң шейх Әбсаттар қа­жы Дербісәлі бұқаралық ақпарат құ­ралдарымен баспасөз конфере­н­циясын өткізді. “Егемен-ақпарат”. ---------------------------------- Суреттерде: Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет пен Ислам Лига­сының бас хатшысы Абдулла бин Абд әл-Мухсин ат-Түрки; Саудия журналистеріне сұхбат беру кезінде.