2010 жылғы 4 тамыз Астана, Үкімет үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. “Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
88-тармақта “және жүргізу” деген сөздер “, жүргізу және жабу” деген сөздермен ауыстырылсын;
9-1, 11-1, 12-1-тараулармен толықтырылсын “Құпия”.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.