• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
14 Тамыз, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 801

527 рет
көрсетілді

2010 жылғы 5 тамыз   Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 176-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: тақырыбы және 1-тармақ “көрсету” деген сөзден кейін “және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау” деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесінде: тақырыбы және 1-тармақ “көрсету” деген сөзден кейін “және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау” деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 8, 9, 10 жэне 11-тармақтармен толықтырылсын: “8. Заңда көзделген мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін, өздерінің иелігінде қалатын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке алынады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмсалады. 9. Мемлекеттік кітапханалардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша: 1) материалдық-техникалық базаны нығайтуга; 2) қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге; 3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу); 4) кітапхана қорларын толықтыру үшін әдебиет, электрондық коллекциялар мен дерекқор сатып алуға; 5) кітап қорын, оқу әлеуметтанымын сақтау мәселелері бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиет шығаруға; 6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға; 7) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту тренингтерін, семинарлар, конференциялар өткізуге; 8) бұқаралық іс-шараларды өткізуге (әдеби кештер, көрмелер, түсаукесерлер, конкурстар, кітап күндері, фестивальдар); 9) бланк өнімдерін, брошюраларды, авторефераттарды, оқырман билеттерін, талап парақшаларын жасауға және тираждауға, мұқабаны басып шығаруға, тарақты түптеуге; 10) кітапханалар басылымдарын, дыбыс жазбаларының, бейнефильмдердің, фонограммалардың көшірмелерін өткізуге; 11) кітаптарды, журналдарды жөндеуге, қалпына келтіруге және түптеуге; 12) фото, кино, бейне түсірімдерге, жекелеген мақалалардың және кітаптар мен мерзімді баспа басылымдарынан алынған материалдардың микрокөшірмесін алуға; 13) мәдени құндылықтар мен тарих жэне мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге жұмсалады. 10. Мемлекеттік мұражай мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша: 1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға; 2) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандарға еңбекақы төлеуге; 3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көліктік қызметтерге ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу); 4) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту жүргізу үшін үй-жайды жалға алуға және оқу құралдарын, көрнекі материалдар сатып алуға жұмсалады. 11. Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражатты есепке алу, оның есептілігі және жұмсалуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.”. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) “Мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 121-құжат); 2) “Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 555 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 176-құжат). 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.