• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
17 Тамыз, 2010

Астана саммитін өткізу – зор жауапкершілік

376 рет
көрсетілді

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізуге дайындық мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Оған Сенат Төрағасы Қ-Ж.Тоқаев, Мә­жі­ліс Төрағасы О.Мұхамеджанов, Премьер-Ми­нистр К.Мәсімов, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев, Пре­зи­дент Әкімшілігінің Басшысы А.Мусин, “Нұр Отан” ХДП Төрағасының бірінші орын­ба­сары Н.Нығматулин, Парламент депутат­та­ры, Үкімет мүшелері, Астананың және Қарағанды облысының әкімдері қатысты. Биылғы жылдың 3 тамызында ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министр­лері кеңесі Астанада 2010 жылғы 1­­-2 жел­тоқ­санда осы ірі халықаралық ұйымның Сам­ми­тін өткізу туралы нақты шешім қабыл­да­ды. Бұл бүкіл посткеңестік кеңістік дең­гейін­де алғашқы ірі ауқымды шара болып табы­ла­ды. Елімізге 55 мемлекеттің, 65 халық­аралық ұйымның басшылары, делегация­ларға еріп жүрушілер, баспасөз өкілдері – барлығы бірнеше мың қонақ келеді. Кеңес барысында Президент осы тарихи кездесуді мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізу үшін үлкен жұмыстар күтіп тұрғанына тоқталып өтті. Жоғары деңгейде Саммитті өткізу, елі­міз­ді көрсету және жас астанада осындай фо­рум­ды өткізу мүмкіндігі – біз үшін үлкен құр­мет және зор жауапкершілік, – деді Н.Назарбаев.