• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №826

519 рет
көрсетілді

2010 жылғы 23 тамыз Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) “Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 167 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 67-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуін сараптама жасаудың ережесінде: 4-тармақтағы “Энергетика және минералдық ресурстар” деген сөздер “Индустрия және жаңа технологиялар” деген сөздермен ауыстырылсын; 2) “Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіп саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау ережесінде: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: “5. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 1-1-қосымшада көрсетілген. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 2-қосымшада көрсетілген.”; көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген Ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын; 3) “Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері” туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі туралы ережеде: 15-тармақта: 32) тармақшада “жүзеге асырады.” деген сөздер “жүзеге асырады;” деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын: “33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады.”. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

* * *

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 826 қаулысына 1-қосымша

Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесіне 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі  лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі

1. Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалау және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық). Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: 1) тау-кен өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану; 2) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіруді жобалау; 3) мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; 4) мұнай-газ кен орындарын игеру жоба­лары­ның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; 5) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіру; 6) шахталарды (мұнай-газ кен орындарын) жабу жөніндегі тарату жұмыстары; 7) кен орындарында (мұнай, газ, мұнай-газ конденсаты) технологиялық жұмыстар жүргізу; 8) мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыс­тары; 9) мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары; 10) мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су айдындарында бұрғылау; 11) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөн­деу, жабдық пен агрегаттарды бөлшектеу, мұ­най-газ ұңғымаларында ұңғымалар көтергішін орнату; 12) мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; 13) мұнай-газ ұңғымаларында ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру; 14) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту; 15) құрлықта және теңізде мұнай төгілуінің, ұңғымалардың өздігінен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыс­тарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөніндегі жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау; 16) мыналардың: органикалық химия (мұнай, газ, мұнай-газ кон­денсаты); каучук, шина, резеңке-техника өнеркәсібі өнім­дерінің, техникалық көміртегінің, химиялық тал­шық­тар­дың, полимерлік материалдар мен пластмассаның; құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану; 17) басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қой­науын (мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын) пай­далану, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия өндіріс­тері саласындағы жобалық және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау; 18) мына: мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнімдерінің; октан санын арттыру мақсатында компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және құрамдауыштар енгізу жөніндегі; белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында ком­паун­дирлеу, кондициялық емес мұнай өнім­деріне те­лім­дер, қоспалар мен құрамдауыштар енгізу жөніндегі; дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу жөніндегі; мұнай майларына телімдер енгізу жөніндегі мұ­най-газ өңдеу өндірістерін жобалау (техноло­гиялық). 2. Мұнай-газ саласында бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау (мұнай-газ кен орындарында), жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықты (мұнай-газ кен орындарын), көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см2-ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 115оС жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыржолдарды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық үдерісте пайдаланылатын жабдықтары жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда). Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: 1) жобалау (жабдық дайындау үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жаз­ба­ларды қамтитын кешенді техникалық, конструк­торлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу); 2) дайындау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтерді, түйіндерді, бөлшектерді, бөліктерді, блоктарды, қосалқы құрылғыларды); 3) монтаждау (құрылыстарды, конструк­цияларды, технологиялық жабдықты, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйіндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндірісті, объектіні пайдалану кезеңінде құрастыру, реттеу және орнату); 4) жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйінің диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіру, элементтерін ауыстыру, бұзылған жерлерін жөндеу, жою).

* * *

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 826 қаулысына 2-қосымша

Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесіне 1-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі

1. Тау-кен, химия өндірістерін жобалау және (немесе) пайдалану. Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: 1) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіруді жобалау; 2) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттерді жасау; 3) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; 4) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру; 5) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық және жер асты тәсілдерімен ашу және игеру; 6) пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу; 7) кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстары (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда); 8) кен орындарында технологиялық жұмыстар жүр­гізу (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қоспағанда); 9) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөн­деу; жабдық пен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғы­малар көтергішін орнату (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда); 10) ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда); 11) ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру (мұнай-газ ұңғымаларын қоспағанда); 12) мыналардың: органикалық (мұнай, газ, мұнай-газ конден­сатын қоспағанда) және органикалық емес химия өнімдерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану; 13) басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қой­науын (мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын қос­пағанда) пайдалану, химиялық өндіріс саласындағы жобалық және жобалау-сметалық құжаттаманы сараптау. 2. Минералдық шикізатты қайта өңдеу (кеңінен таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда). 1) Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: 2) пайдалы қазбаларды бөлудің физикалық тәсілі; 3) пайдалы қазбаларды бөлудің физика-химиялық тәсілі; 4) пайдалы қазбаларды бөлудің химиялық тәсілі; 4) пайдалы қазбаларды бөлудің металлургиялық (пирометаллургия, күйдіру, гидрометаллургия, қыздыру) тәсілі; 5) құрамында пайдалы қазба бар тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өнеркәсіптік өндірістердің қалдықтарын өңдеу. 3. Тау-кен саласында химиялық, бұрғылау, гео­логиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энер­­гетикалық, жарылыстан қорғалған электр тех­никалық жабдықты, көтергіш құрылыстарды, сон­дай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см2-ден жоғары және жылу жеткізу температурасы 115оС жоғары қазан­дықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыржолдарды жоба­лау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай техно­ло­гиялық үдерісте пайдаланылатын жабдықтары жоба­лауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда). Бұл қызмет түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: 1) жобалау (жабдық дайындау үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жаз­ба­ларды қамтитын кешенді техникалық, конструк­торлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу); 2) дайындау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтерді, түйіндерді, бөлшектерді, бөліктерді, блоктарды, қосалқы құрылғыларды); 3) монтаждау (құрылыстарды, конструкция­ларды, технологиялық жабдықты, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйіндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндірісті, объектіні пайдалану кезеңінде құрастыру, реттеу және орнату); 4)  жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйі­нің диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіру, элементтерін ауыстыру, бұзылған жерлерін жөндеу, жою).