• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2010

Жаһандық бастамадағы белсенділік

485 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақ­тарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған конференция жұмысына қатысу үшін Қазақстанға келген Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы келісім ұйымы Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Тибор Тотты қабылдады. Кездесу барысында халықаралық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев мейманға Қазақстанға сапары және Президент Н.Назар­баев­тың бастамасы бойынша бел­гі­лен­­ген Жаппай қырып-жою қаруы­нан бас тартудың Бүкілдүниежүзілік күніне арналған конференцияға қатыс­қаны үшін ризашылығын білдірді. Қазақстанның осы халықаралық құрылыммен өзара іс-қимылының ма­ңыз­дылығын атап өте келіп, Қ.То­қаев қаруды таратпау тәр­тібінің не­гізгі бөлігі және ядролық қару­сыз­дану са­ла­сындағы тиімді құрал ре­тінде ЯСЖТСҰ рөлін атап өтті. Қ.То­қаев яд­ро­лық қаруды таратпау тәрті­бін ны­ғайту және халықаралық қауіп­сіздік деңгейін арттыруға бағыт­тал­ған ЯСЖТСҰ қызметін оң бағала­ды. “Қа­­зақстан оның қызметін толық қолдайды және келісімнің тезірек күшіне енуін жақтайды”, – деді Төраға. Атқарушы хатшы Т.Тот өз тарапынан ЯСЖТСҰ-ның Қазақ­станмен қалыптасқан қатынастар деңгейін жоғары бағалады және ядролық қарусыздану мен оны тарат­паудың жаһандық үдеріс­теріндегі біздің еліміздің үлесін жоғары бағалады. Т.Тоттың пікірінше, ядролық қарудан бас тарту туралы Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл шешіміне негізделген, жап­пай қырып-жою қаруларын тарат­пау және ядролық қарусыздану мәселелеріндегі Қазақстанның көшбасшылығы еліміздің ядролық терроризммен күрес жөніндегі жаһандық бастамаға белсенді қатысуымен нақтыланып отыр.