25 тамызда Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бюджет қаржыларының жергілікті жерлерде мақсатты және тиімді пайдаланылуына, аумақтық даму бағдарламаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыратын, сондай-ақ жергілікті атқару органдарының стратегиялық жоспарларының жүзеге асырылуын бағалаушы құрылымдарды нығайту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Сол сияқты осы күні Кәрім Мәсімов Қазақстан Үкіметі жанындағы Экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізіп, онда Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленіп жатқан мұнай-газ секторын, сондай-ақ ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі салалық бағдарламалардың жобалары талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.