• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2010

Ынтымақтастық райындағы кездесулер

511 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев НАТО Бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ елдері бойынша арнайы өкілі Роберт Симмонсты қабылдады, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Тараптар Қазақстан мен НАТО арасындағы Әріптестіктің дербес іс-қимылдар жоспары шең­беріндегі қызметтестікті да­мыту мәселелерін, “Дала қыра­ны-2010” халықаралық бітімгер­лік оқу-жаттығулар нәтижелерін, Ауғанстан мен Қырғызстандағы жағдайды қоса алғандағы өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқы­лады. Осы күні Қанат Саудабаев Жаппай қырып-жою қаруы­нан бас тартудың Бүкілдүниежүзілік  күніне арналған халықаралық конференция шеңберінде осы форумға қатысушылармен бір­қатар кездесулер өткізді. БҰҰ ДБ-ның Шығыс Еуропа, Балтық және ТМД елдері бо­йынша өңірлік директоры Кори Удовичкимен кездесуде Семей өңірін дамытудың бірлескен жоспарын жүзеге асырудағы Қа­зақ­стан мен БҰҰ қызметтестігіне зор маңыз берілді. БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Мирослав Енча Қазақстан жағына форумға қатысуға шақырғаны үшін ризалығын білдірді. Ол БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Жаппай қырып-жою қаруы­нан бас тартудың Бүкілдүниежүзілік күні­не орай Қазақстан Президенті Н.Назарбаев атына жолдаған құттықтауын жеткізді. МАГАТЭ-нің Бас дирек­торының орынбасары Вернер Буркартпен кездесу барысында агенттіктің біздің елімізде жүзеге асырып жатқан бірқатар бірлескен жобалары туралы сөз болды.