• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2010

Әлем назарындағы мәселелер сөз болды

462 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы өкілі, Орталық Азия мемлекеттеріне арналған превентивтік дипломатия­ның өңірлік орталығының басшысы Мирос­лав Енчаны қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Кездесуде әлем қауымдастығы ер­екше атап өтіп отырған, кеше Астанада болған Халықаралық ядролық сынақ­тарға қарсы іс-қимыл күніне арналған халықаралық конференция жөнінде айтылды. Өткен жылы Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні болып бел­гіленгені және бұл туралы БҰҰ Бас Ас­самблеясының қарары қабыл­дан­ға­ны мәлім. Осы орайда кездесуде Қа­зақ­­стан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың және БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның үстіміздегі жылы елімізге келген сапары, бұрынғы полигон ай­мағында болып, әлем қауымдастығын толық ядролық қарусыздану жолында айтқан пікірлерінің маңыздылығы туралы ой қозғалды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі кезінде бейбітшілікті нығайту, қау­іпсіздікті сақтау, даулы мәселелердің шешілуіне ықпал ету жөніндегі ойлар ортаға салынды. Қазақстан осы мә­се­лелердің оң шешімін табу үшін бас­қа да халықаралық беделді ұйымдар­мен бірлесіп қызмет атқаратыны анық. Қырғызстанның саяси-экономика­лық жағдайын тұрақтандыру үшін олар­дың өздері елдің даму жолын ай­қын­дап алуы қажет екені айтылды. Күр­делі жағдайдан шығып кету үшін қыр­ғыз еліне гуманитарлық көмек көр­сетудің мән-жайы сөз болды.