• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2010

Алматыдағы ауызашар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ниетімен берілді

658 рет
көрсетілді

Медеуге барар жолдың оң жа­ғын­да, Достық даңғылы мен М.Ос­панов көшесінің қиылысында бой көтерген, көз жауын алған еңселі ғимаратты байқап жүретінбіз. Міне, нақ осы “Royal Tulіp Almaty” қонақ үйінің ақ самалаға шомылып жар­қы­раған залында алдыңғы күні Ал­маты қаласы әкімдігінің мұрындық болуымен шаһардың мұсылман-жамағатына Қазақстан Республи­ка­сының Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың атынан дастарқан жа­йы­лып, ауызашар ас берілді. Ауыз­ашарға келген төрт жүздей мейман арасынан Сұлтан Жиенбаев, Сағындық Кенжебаев, Жұмағали Ысмағұлов, Салық Зиманов сияқты қадірменді ақсақалдарды, зиялы қауым өкілдерін, өнер-мәдениет пен әдебиет қайраткерлерін, бизнес өкілдерін, елге еңбек сіңіріп жүрген басқа да бірталай мамандық иеле­рін көзіміз шалды. Алматы қаласының әкімі Ах­мет­жан Есімов Елбасының сали­қа­лы саясаты арқасында елімізде ты­ныш­тық пен татулық орнап, діні­міз­дің өрістеп өрлеуіне кең мүм­кін­діктер туғызылып отырғанын атап көрсетті. Салиқалы, сындарлы сая­сат сабырдан туады. Олай болса, алдағы желтоқсан айында Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше елдер мемлекет басшылары Саммитінің өтетін бо­луы да жалпыадамзаттық ізгілікпен, мұ­сылмандық имандылықпен ас­тас­қан сабырлылық пен сарабдал­дық­тың жемісі екендігі баса ай­тылды. Айлардың сұлтаны Рамазан алма­ты­лықтардың да жан-жүрегіне жақ­сылық нұры, Рахман шапағаты мо­лынан себелесін деген ізгі ни­ет­тің көрінісіндей ауызашар берілуі де әбден құба-құп, дей келе, әкім жи­нал­ған қауымның оразасына қабыл бол­сын айтып құттықтады, әр адам­ға амандық, саулық, бақ-бе­ре­ке тіледі. Әкім өз сөзінде тәуел­сіз­дік алғаннан кейін елдің ділі мен діні, жалпы рухани мәдениеті жаң­ғырып өрлегендігіне баса тоқталды. Алматы қаласы Орталық ме­ші­тінің бас имамы Құлмұхаммед Ма­ханбет құран оқып, уағыз айтылды. Ауызашар барысында діни әндер орындалды. Қорғанбек АМАНЖОЛ. * * *

ІЗГІЛІК БАСТАУЫ

“Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры” “Rіxos” қонақ үйінде еліміздегі ислам мемлекеттері елші­лерінің және мемлекет, қоғам қай­раткерлерінің қатысуымен 80 адамға арналған ауызашар өткізді. Мұндай игі шара арқылы қор өз жұмысын өзгелерге таныстыруды мақсат тұтыпты. Еліміз келесі жылы Ислам Кон­ференциясы Ұйымын басқаратын­дықтан, алда көптеген іс-шаралар өт­кізу жоспарланып қойылған. Мы­на ауызашар соның басы болып та­былады. Қор қазіргі таңда көпте­­­­ген Ислам мемлекеттеріндегі діни ұй­ымдармен қарым-қатынас орна­ту­да екен. Осылайша тәжірибе ал­масу арқылы қор өз жұмысын жан­дан­ды­руды көздеп отыр. Өйткені, Ислам елдеріндегі көптеген іс-ша­ралар, яғни “дөңгелек үстелдер” өт­кізу, ді­ни әдебиеттер шығару не­месе ақпа­раттық топтар құрып, со­лар арқылы Исламның дұрыс ба­ғыт­тарын тү­сін­діру осындай қор­лардың ұйымдас­тыруымен жүзеге асырылады. Ал Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының негізгі міндеті елі­міздегі діни сауаттылықты одан әрі дамыту болып табылады. Осы мақ­сатта қор Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттеріне қажетті әдебиеттерді көптеп басып, тіпті олар­ды тұрғындарға тегін та­ратуға ниет етіп отыр. Қазіргі таңда елімізде 2,5 мыңнан астам мешіт болса, ондағы діни мамандар­дың сауаты әлі де болса ұштауды қажет етеді. Елі­мізге енген көптеген теріс пиғылды діни топтардың ықпа­лын­да кетіп жатқан жастардың ба­сын­дағы жағдай соның дәлелі болса керек. Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры­ның атқарушы дирек­торы Балғабек Мырзаев бұл туралы былай дейді: “Міне, осындайлардың алдын алу мақсатында біз Ислам жоғары оқу орындарына студенттерді жі­беру арқылы тығыз байланыс ор­натуды көздеп отырмыз. Осылайша діни басқарманың кадрлық әлеуе­тін күшейтуге болады. Жыл сайын Ислам жоғары оқу орындарына 40-50 баланы жіберіп, шәкіртақысын беріп тұру ойда бар”. Ислам мәдениеті мен білімін қол­дау қорын құру туралы баста­маны 2009 жылы 1-2 шілдеде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­басшыларының құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген-ді. Артынша ол өмірге келіп, өз жұмысын жолға қоя білді. Қазір қордың негізгі құ­рылтайшысы Қазақстан мұсылман­дары діни басқармасы мен “Шә­кірт” атты Ислам оқу орындарын бітірген студенттердің қоғамдық бірлестігі болып табылады. Сондай-ақ көптеген жеке кәсіпкерлердің, шетелдік гранттар мен ұлттық ком­паниялардың қолдауына сүйенері де белгілі болды. Атқарушы дирек­тор Балғабек Әбдіқайымұлының айтуынша, Ислам Конферен­ция­сына Ұйымына төрағалық ету қар­са­ңында “Қазақстандағы ислам” жур­налы жарыққа шығайын деп жатыр. Тіркеуден өткен басылым шет елдердегі елшіліктеріміз арқы­лы Қазақстандағы Ислам дамуы­ның барысы жан-жақты көрсетіл­мек. Тағы бір маңызды шара­лар­дың бірі ретінде 2011 жылдың қыр­күйек айында ТМД-ға мүше елдер мүфтилерінің басын қосып, ТМД елдеріндегі Исламның жағдайы та­қырыбында халықаралық конфе­рен­ция өткізу жоспарланып отыр. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.