• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2010

Азиаданы айшықтайтын фотокөрме

487 рет
көрсетілді

Алматы­лықтар алғаш рет бір жерден, бір көрмеден Алматы мен Ас­тана қала­ларында өтетін қысқы Азия ойындарына дайын­дық жұ­мыстарының жетістіктерін тама­шалай алады. Осылайша оңтүстік астанада “Азиада-2011 қар­саңында” атты фотокөрменің тұсауы кесілді. Алматы қонақтары үшін бара­тын жер, тамашалайтын орын жет­кілікті. Бір ғана Алматыда 15 көрме мен көркемсурет галереясы жұмыс істейді. Енді олардың қа­тарына 7-ші Қысқы Азия ойын­дарын наси­хаттауға арналған көрме қосылып отыр. Сонау 90-шы жылдардың орта белінен бастап қазақстандық спорт­шылар Қысқы олимпиада дүбіріне қосылған болса, араға санаулы жылдар ғана салып, өз еліміз Ақ Азиаданың алауын жақпақ. Қазірдің өзінде 7-ші Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекция­сы бірқатар жетістіктерге жетіп, дайындық бары­сының табыстарын бұқараға таныс­тырып отыруды жөн деп шешкен. Алматы қаласының тұрғындары мен туристер Азиаданың дайындық кезеңдерін әлеуметтік жарнама жа­сау­ды көздейтін “Столичный” атты дүкен аумағындағы галереядан көре алады. Кәсіпқой фототіл­шілердің дайындық кезеңінің ең қызықты сәттерін, спорт­тық ны­сан­дардың айшықты тұстарын “ау­лаған” туындылары дайындық барысынан толыққанды ақпар береді. Айнаш ЕСАЛИ. АЛМАТЫ.