Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Қ.Бозымбаев Президентті ағымдағы жылдың 7 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы хабардар етті.
Есепті кезең ішінде өнеркәсіп өндірісінің өсімі 9 пайыздан астамды, соның ішінде тау-кен саласында – 29 пайызды құрады. Ауылшаруашылық өндірісі өсіп келеді. Облыста іс жүзінде астық жинау науқаны аяқталды – 230 мың тоннадан астам дән қызылданды, астықтың орташа өнімділігі гектарына 15,5 центнерге жуық. Облыста жұмыссыздық азайды, Жамбыл облысының 4,5 мыңнан астам тұрғыны “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автомобиль жолы құрылысында жұмысқа орналасты.
Кездесу кезінде сондай-ақ Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдығын мерекелеуге әзірлік барысы туралы әңгіме болды.