Кеше Парламент Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Парламентінің депутаты, ЕҚЫҰ ПА-ның Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Киммо Килюненмен кездесті.
Кездесудегі әңгіме барысында Қырғызстандағы жағдай туралы пікір алмасылды. Осы елдегі алдағы 10 қазандағы парламенттік сайлау да ескерілді.
К.Килюнен ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі Қазақстанның қызметін жоғары бағалады және парламентаралық үнқатысуды одан әрі нығайтуды, ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара сындарлы іс-қимылды жақтайтыны туралы айтты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.