Кеше тәуліктің алғашқы жартысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов құқық қорғау органдарын реформалау мәселелеріне арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Онда үстіміздегі жылдың 17 тамызында ел Президенті тапсырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру туралы тапсырмасының орындалу барысы қаралды.
Премьер-Министр К.Мәсімов сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның мәжілісін өткізді. Онда Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Жедел индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған Қазақстандағы туризм индустриясын дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі салалық бағдарламалардың жобасы қаралды.