• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2010

Ата заңға арналған шара

624 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған шараны ұйымдастыруға Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты ұйытқы болды. “Ата Заң – ел дамуының берік іргетасы” атты дөңгелек үстел басындағы әңгімеге облыстық әкімдіктің, құқық қорғау органдарының,  “Нұр Отан”ХДП облыстық филиалының, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен өкілдері және қаладағы жоғары оқу орындарының ғалымдары, студенттері шақы­рылды. Дөңгелек үстелді қысқаша кі­ріспе сөз сөйлеп ашқан осы инсти­туттың ректоры, экономика ғы­лым­дарының докторы Ғалымжан Нұрышев еліміздің Ата Заңының қоғамдық дамудағы  орны  мен ма­ңызына тоқталды. Белгілі қоғам қайраткері, философия ғылым­дары­ның докторы Амангелді Ай­талы Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері жәйлі  тарата әңгімеледі.Ол Ата Заңы­мыз­дың еліміздегі адам құқығы мен бас бостандығына кепілдік беретін, тұрақтылық пен достастыққа, экономикалық дамуға алғышарт жасайтын басты құжат болып табылатынын  жеткізді.Қазақстан Республикасының Конституциясы жәйлі келісті әңгімені “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы Балғали Ордабаев, педа­гогика ғылымдарының кандидаты Ниетжан Беріков, осы институттың тілдерді дамыту басқармасының бастығы Гүлшат Сапарқызы және басқалары өз ой-пікірлерімен толықтырып, кеңейте  түсті. “Қос шынар” қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербестің әр адамның Ата Заңымызбен қатар, мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, қастер тұтуы керектігі жәйлі ойы да жиналғандар көңілінен шықты. Дөңгелек үстелге қатысушылар  еліміздің қолданыстағы Ата Заңы­ның ерекшеліктеріне тоқталып, басқа мемлекеттердің Конститу­ция­ларына ұқсамайтын артықшы­лық­тарына байланысты дәйекті ойларын ортаға салды. Ата Заңы­мыздың өзге елдердің Консти­ту­цияларының көшірмесі емес екен­дігіне, халықаралық стандарттарға сай келетініне дәлел-дәйектер келтіреді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.