• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2010

Жұмыс орнын ашу жалғасуда

482 рет
көрсетілді

Таяуда Астанада “Қазақстанның Даму банкі” АҚ пен Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында меморандумға қол қойылды. ҚДБ тарапынан қол қойған аталмыш банктің басқарушы директоры – басқарма мүшесі Мүсілім Бектептің айтуынша, жасалған меморандумның негізгі мақсаты – банктің инвестиция­сының қатысуымен Индустриал­дандыру картасы шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жо­балардың тәуелсіз мониторингін өткізу саласында ынтымақтас­тық­ты жүзеге асыру болып та­былады. Ал Сауда-өнеркәсіп па­латасының вице-президенті Бек­зат Қалиевтің пікірінше, пала­таның инвестициялық жобалар мониторингін іске асыруы банк­тің инвестициясының қатысуы­мен жүзеге асырылатын ел үшін маңызды нысандарды іске асыру мен салу мониторингін жүргізуге және дұрыс түсіндіруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта банктің ин­вес­тициясының қатысуымен Ин­дустриалдандыру картасына ен­ген 24 инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың жалпы құны 3,6 млрд. АҚШ долларын құрай­ды. Бұл ретте банк инвестиция­сының көлемі 2,2 млрд. АҚШ дол­ларын құрап отыр. Бұдан басқа Индустриалдандыру карта­сы­на енген тағы да 14 инвести­ция­лық жоба қараудың әр түрлі сатысында екенін атап өту қажет. 2010 жылдың басынан банк тобы Индустриалдандыру карта­сына енген 8 инвестициялық жобаларды пайдалануға енгізді, оларды іске асыру кезінде 2 300 жұмысшы қатысып, 3200 жуық жұмыс орны ашылды. Осы жыл­дың соңына дейін Индустриал­дан­­дыру картасына енген тағы да 10 инвестициялық жобаны пайда­ла­нуға беру жоспарланып отыр. Оларды іске асыру барысында 3200-ге жуық жұмысшылар тар­ты­лып, 3100-ден астам жұмыс орны ашылады. “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қоры” АҚ құрамына кіретін “Қазақстанның Даму банкі” АҚ қызметінің басты бағыттары – мемлекеттің инвестициялық қыз­метінің тиімділігін арттыру мен жетілдіру, өндірістік инфрақұ­ры­лым мен өңдеу өнеркәсібін да­мыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша қызмет ету. “Егемен-ақпарат”.