• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2010

Азия жүлдегерлеріне құрмет

468 рет
көрсетілді

“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында Бангкокте өткен Азия чемпионатына Ақмола об­лысынан қатысқан балуандарды құрметтеу рәсімі болды. Оған “Жас Отан” жастар қанатының бел­сенділері, облыстық туризм жә­не спорт басқармасының бас­шы­лары, бұқаралық спорт жана­шырлары мен мектеп оқушылары қатысты. – Қазақстанның жасөспірім балуандары байрақты бәсекеде топ жарып, ел мерейін асқақ­тат­ты, ­– деді баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар. Қыздар ко­мандасы он салмақ дәрежесінде 8 медальды жеңіп алды. Оның ішінде 1 алтын, 4 күміс және 3 қола жүлде бар. Көкшетау қала­сын­дағы Қажымұқан атындағы спорт­та дарынды балалар мекте­бінің оқушысы Диана Уәлиева қола медальды еншіледі. Диана Азия чемпионатына екінші рет қатысып отыр. Былтырғы бәсе­ке­де жерлесіміз жүлделі екінші орынға көтерілген еді. Республикамыздың ерлер ко­мандасы он салмақ дәрежесінің бәрінде де жүлделі болды. Степногор қаласындағы Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балалар мектебінің өкілдері Батухан Шырақбаев еркін күресте алтын медаль тақса, Владимир Кудрин күміс жүлдені еншіледі. Баспасөз мәслихатында облыс мақтанышына айналған спорт­шы­лар, олардың жаттықтыру­шы­лары Евгений Судейкин мен Балташ Уәлиев, облыстық туризм және спорт басқармасының бас­ты­ғы Шынарбек Батырханов журналистер қойған сұрақтарға жауап қайтарып, болашақ мақсаттары туралы әңгімеледі. “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының бөлім бастығы Бау­ыржан Ыбыраев Азия чемпио­на­тының жүлдегерлерін құттықтап, оларға партия атынан сый-сияпат жасады. Бақберген АМАЛБЕК, Ақмола облысы.