• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
01 Қыркүйек, 2010

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

465 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қаулы етемін: 1. “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлы­ғына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат; № 38, 405-құжат; № 43, 481-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; № 33, 309-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсын өткізудің ережелерінде: 1-тармақтың үшінші бөлігіндегі “Меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдар” деген сөздер “Жеке кәсіпкер­лік субъектілері” деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта “қорғау министрлігі,” деген сөздерден кейін “Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі,” деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақта: бірінші абзацтағы “белгіленген нысандағы өтінімді және үш данада материалдарды” деген сөздер “мате­риалдарды бір данада” деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшадағы “сауалнама” деген сөз “өтінім” деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы “(диаграммалар, сызбалар, кестелер, құжаттардың көшірмелері және тағы басқалар” деген сөздер “(ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар)” деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы “болуы тиіс” деген сөздер алып тас­та­лып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толық­тырылсын: “4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс”; 13-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толыктырылсын: “4) “Экологияға қосқан үлесі үшін”. Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің кызметі қаралады.”; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: “13-1. Гран-при – конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.”; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсын өткізудің ережелеріне қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкур­сының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комис­сияның құрамына мыналар енгізілсін: Әшімов –                            Қазақстан Республикасының Нұрғали                               Қоршаған ортаны қорғау Сәдуақасұлы                      министрі, Құл-Мұхаммед   –             Қазақстан Республикасының Мұхтар Абрарұлы            Мәдениет министрі; мына: “Мыңбаев Сауат  –             Қазақстан Республикасының Мұхаметбайұлы                Энергетика және минералды Ресурстар министрі Исекешев             –              Қазақстан Республикасының Әсет Өрентайұлы             Индустрия және сауда министрі” деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: “Мыңбаев Сауат  –             Қазақстан Республикасының Мұхаметбайұлы                Мұнай және газ министрі”, “Исекешев           –              Қазақстан Республикасы Әсет Өрентайұлы             Премьер-Министрінің орынбасары –               Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі”; 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) “Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайы­рымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Рес­публикасы Президентінің Құрмет дипломын тағайындау туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жыл­ғы 31 шілдедегі № 423 Жарлығы (Қазақстан Респуб­ли­касының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 30, 367-құжат; 2007 ж., № 21, 233-құжат); 2) “Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 423 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру­ енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 349 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 233-құжат). 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 1-тармақтың төртінші, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы шілденің 16-сы. № 1029 Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 1029 Жарлығына қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсын өткізу ережелеріне қосымша Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсына қатысушының өтінімі Тіркеу нөмірі___________________________________ 1. Заңды (жеке) тұлғаның атауы____________________ Тіркеу орны бойынша мекен-жайы_________________ Орналасу орны бойынша мекен-жайы______________ 2. Ұйымның басшысы ___________________________ (тегі, аты, әкесінін аты) 3. Байланыс телефондары (телефондары, электрондық пош­та мекен-жайы және факс нөмірі)_________________ 4. Құжаттар ұсынылған номинация (астын сызыңыз): Жылдың үздік әлеуметтік жобасы; Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын; Үздік ұжымдық шарт; Экологияға қосқан үлесі үшін. 5. Ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектісі (астын сызыңыз) 6. Сала________________________________________ 7. Қызметкерлерінің саны________________________ 8. Заңды (жеке) тулғаның қызметі туралы қысқаша сипаттама (немен айналысады)______________________ 9. Заңды (жеке) тұлғаның алған наградалары_________ 10. Өтінімге сауалнама тіркелген және қосым­­ша ____ парақта 11. Ұсынған материалдар мен көрсеткіштер дұрыс Қолы Мөрі Күні