• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2010

Жүз жолдық жаңалықтар

532 рет
көрсетілді

* Дмитрий Огай “Таразға” бас жаттықтырушы болды. Белгілі футбол маманы тамыздың соңғы күндері осы команда тізгінін қолға ұстады. Ол көмекші етіп өзімен Қостанайда бірге жұмыс істеген Юрий Новиковты алды. Биыл 7-12 орындар үшін күресетін ко­манда алдына келесі жылы алғаш­қы алтылықта болу қойылатын сияқты. Өзі Таразда туып-өскен Д.Огай ойыншы ретіндегі жолын жергі­лікті “Химикте” бастаған. Сосын “Пах­такор” (Ташкент), “Қайрат” (Алма­ты), “Шахтер” (Қарағанды), “Пройс­­сен Хамельн” (Германия), “Актю­бинец” (Ақтөбе), “Тараз” (Тараз), “Мұнайшы” (Ақтау) ко­ман­­дала­рын­да өнер көрсеткен. Жат­тықты­рушы ретінде 2000-2001 жыл­дары “Есіл-Богатырь” (Пет­ро­павл), 2002-2004 жылдары “Ертіс” (Пав­лодар), 2005-2009 жылдары “То­был” (Қостанай) команда­ла­рын бап­тады. Қазақстанның 2002 және 2003 жыл­дардағы чемпионы, 2007 жылғы Қазақстан Кубогының иегері. * Теміртаудың “арыстандары” хоккей чемпионатына қатысады. Осы кеншілер қаласында бір кез­дері “Строитель”, “Болат” және ЦСКА атты хоккей команда­ла­рының болғанын жанкүйер қауым жақсы біледі. Кейін қаржы тап­шылығынан қалаға команда ұстау мүмкін болмай қалған. Енді бұ­рынғы даңқты дәстүрді қайта жал­ғастыратын уақыт келді. Те­мір­тауда “Арыстан” атты жаңа ко­ман­да пайда болды. Маусымға қызу дайындалып жат­қан хоккей жасағы құрамы ай­тарлықтай күшті. Ол негізінен сырт­тан келген тәжірибелі ойын­шы­лардан құралған. Команданы жаттықтыру Теміртау хоккейінің тү­легі Вячеслав Беланға сеніп тап­сырылды. Ол бұған дейін “Барыс” және “Казцинк-Торпедо” клубта­ры­ның жаттықтырушылар жүйе­сінде жұмыс істеген. Ойыншы ре­тінде “Болат”, “Қазақмыс”, “Ба­рыс” және “Казцинк-Торпедо” ко­­мандалары құрамында ой­наған. * “Классиктер” әлем чемпио­на­тына баратын құрамын анықтады. Мәскеуде өтетін жаһан бірінші­лігіне қатысатын еліміздің грек-рим күресі құрамасының сапы белгілі болды. Олардың қатарында жасөспірімдер арасындағы 2006 жылғы әлем чемпионатының кү­міс жүлдегері, 2009 Азия бірін­ші­лігі мен Голден Гран-при финалы­ның қола жүлдегері Асхат Құдай­бергенов (55 кг), 2008 жылғы Универсиаданың жеңімпазы, 2009 жылғы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, 2010 жылғы Иван Под­дубный халықаралық турнирінің жеңімпазы Алмат Кебіспаев (60 кг), Азияның 2009 жылғы чемпио­ны Дархан Баяхметов (66 кг), 2006 жылғы Азия ойындарының жеңім­пазы, 2009 жылғы Азия бірінші­лігінің қола жүлдегері Роман Ме­ле­шин (74 кг), жасөспірімдер ара­сын­дағы 2008 жылғы әлем чем­пио­натының күміс жүлдегері Ал­хазур Оздоев (84 кг), Азия бірін­шілігінің 2007 жылғы күміс жүл­дегері, 2008 жылғы Бейжің Олим­пиадасының қола жүлдегері Әсет Мәмбетов (96 кг), жасөспірімдер арасындағы 2007 жылғы әлем чем­пионаты мен 2010 жылғы Иван Поддубный халықаралық турни­рі­нің қола жүлдегері Нұрмахан Тынәлиев (120 кг) бар. “Егемен-ақпарат”.