• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Қыркүйек, 2010

Пір Бекет әулие рухына құрмет

804 рет
көрсетілді

Тағзым Атақ-даңқы алты алашқа жайылып, Пір атан­ған қасиет иесі Бекет Мырзағұлұлының туғанына 260 жыл толуына орай Үшқоңыр ауылы аумағында ас беріліп, аламан бәйге өт­кі­зілді. Алматы облысының әкімі Серік Үмбе­тов­тің қолдауымен және “Дәулет-Бекет” жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінің ұй­ымдас­ты­руымен өткен бұл жиынға қатысу­шылар ғұлама өміріне қатысты құнды де­ректерді тілге тиек етті. “Бекет ата асының Мемлекет басшысының туған ауылы Үш­қоңырда өтуінің үлкен тәрбиелік маңызы зор. Өйткені, ас – ел мен елді жақын­дататын, адамдарды бауырмалдыққа, ынтымаққа үндей­тін игілікті іс шара ғой. Ал, асты ұй­ымдас­тырып отырған “Дәулет-Бекет” ЖШС-ның төрағасы Сыдық Дәулетовтің ұлт тари­хын­дағы ірі тұлғаға бағыштаған құрметі көңілге қуаныш ұялатады. Кейінгі ұрпақ үшін ұлылар рухын ұлықтаудан артық мақсат болуы мүмкін бе дейді Қарасай аудандық ақсақалдар алқа­сының төрағасы Сейітхан Исаев. Шын мәнісінде де, “Өлі риза болмай, тірі байымайды” демекші, бүгінгі ұрпақ үшін туған халқын қалтқысыз сүйіп, туған еліне адал қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен ата-баба рухын асқақтатудан артық мүдде, одан қымбат парыз жоқ екендігі сөзсіз. “Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маң­ғыстауда – Пір Бекет” деген сөздің өзі көп нәр­сені аңғартатындығы айдан анық. Ғұмыр бойы Құдай мен Құран сөзін насихаттап, ұрпақтарға тағылымы мол тәрбие беруді мақсат еткен Пір Бекеттің өмірін зерттеушілер оның бойындағы асыл қасиеттерді де атап айтады. Әсіресе, әулиенің көріпкелдік, ағартушылық, ұстаздық және сәулетшілік ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырмай қоймайды. Ең бастысы, Пір Бекеттің қолына қару алып жауға қарсы шап­паса да, өз бойындағы асқан қасиеті арқылы мың сан қолға үрей туғызып, оқ атпастан олар­ды қашуға мәжбүр етуі Жаратқанның оған жібер­ген құдіреті демеске амал жоқ. Бекет Мырзағұлұлының туғанына 260 жыл толуына арналған салтанатты жиынға Қазақ­станның халық жазушылары Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов қатысып, шынайы тілек­те­рін білдірді. “Нұр Отан” ХДП Маңғыстау об­лыс­тық филиалы төрағасының бірінші орын­ба­сары Жауынбай Қараев бастаған делегацияның мүшесі, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Өмірзақ Озғанбай әулиенің өмір жолы туралы кеңінен баяндады. “Бекет атаның бүкіл ғұмыры дін-шариғат жолына адал қызмет етудің, туған халқының бақытты болу күресіне арналып өтті. Бекет ата – ұлттық деңгейдегі тұлға, өйткені ол құлағанды демеп, қысылғанды жебей білген халық қамқоршысы да болды. Сол үшін де кейінгі ұрпақ – мына біздер әулие ата рухы алдында басымызды иеміз” деді ғалым. Атырау облысы, Жылыой ауданы Ақкиіз­тоғай ауылында дүниеге келіп, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген абыз ағартушыға арналып Көкбастау ат бәйгесі алаңында аламан бәйге өтті. Басты жүлде – “Нива” автокөлігі Жамбыл ауданының тұрғыны Аян Әбікеновке берілді. Қарасайлық бапкер Бауыржан Кенбаев “Жигули” автокөлігін иеленді. “Бабаларын қалтқысыз қастерлей алған халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ” деп Мемлекет басшысы атап айтқандай, бүгінгі жиынның танымдық ықпалы зор. Менің түйгенім – Жаратқанның сүйікті құлы – Бекет атамызға деген шынайы сезімі­мізді жұдырықтай жүрегіміздің төрінде сақтасақ болғаны. Бағалай білсең, бақыт деген осы” дейді осы жиынға орай “Жер киесі” атты журналды дайындап, шығарған әскери журналист Кен­жебек Тұманбайұлы. Оның бұл пікірін белгілі кәсіпкер Сыдық Әбу­ұлы да қолдайды. “Ес білгеннен бері құла­ғымызға сіңісті болған аяулы есім, ол – Бекет ата. Әбіш ағамыз “Бекет ата” атты кітапқа жаз­ған алғысөзінде “Әлсізге – медет, күштіге – айбар, асқанға – тосқан, ұрпаққа – ұстаз, ел иесі, жер киесі” деп айтқан еді. Бұдан артық ата­ның қасиетіне қандай теңеу жарасар. Атаның ру­хына арналған ас хақ дініміз – исламның бес па­рызының бірі – отыз күн оразаның алдында, ру­хани-танымдық бағытта өткендігіне қуа­ныш­тымыз”. Салтанатты рәсімде Ғұбайдолла қажы Әбішұлы Бекет Мырзағұлұлының рухына арнап Құран-хатым түсіріп, еліміздің амандығына, тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуына тілек қосты. Бабалар рухына кейінгі ұрпақтың тағзымы – келешекке кемел де бақытты жол ашпақ. Ұлылар ұлағаты осы. Бақыт БАЛҒАРИНА. Алматы.