• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Қыркүйек, 2010

Татулығым – байлығым

436 рет
көрсетілді

Қазақстан халқының достығы мен татулығын әрдайым Елбасы­ның салиқалы саясатымен байла­ныстырған жөн. Еліміздегі тұрақ­ты­лық пен ұлтаралық келісім нә­тижесінде экономикалық-әлеумет­тік, қоғамдық саладағы табыста­ры­мыз қомақтана түсіп келеді. Десек те, елімізді мекен еткен түр­лі этностардың тілі мен салт-дәстүрін насихаттау бағытындағы жұмыстарды қалт жібермеудің маңызы ерекше. Бүгінде Жетісу жерін 103 ұлт­тың өкілі мекендейді. Олар 23 об­лыстық, 38 аудандық, 10 қалалық этномәдени бірлестік арқылы бірі­гіп отырса, Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының облыстық хатшы­лы­ғы бар жұмысты ортақ шаңырақ – “Достық” үйінде өткізуді дәстүрге айналдырған. Осындай  ізгі істі алға апарған “Татулығым — байлығым” атты конференция жұмысы сәтті өтіп, онда пікір қосқан облыстық “Азаматтық альянс” бірлестігінің президенті А.Ақымбеков, Көксу ауданындағы славян этномәдени бірлестігінің төрағасы В.Молодцов, тағы басқалар мемлекет іргесінің берік болуы ұлтаралық, дінаралық түсіністікке байланысты екенін атап көрсетті. Жастар тәрбиесіне этномәдени бірлестік мүшелері мен “Ұлағат” ақ­сақалдар кеңесінің белсене қатысуы  арқасында өңірдегі тіркеуден өткен 41 қоғамдық бірлестіктермен байланыс жақсы жолға қойылған. Осылайша аға ұрпақ пен жастар бірлігі жарасқан елдің бақыты кемел болатынына көз жеткізілуде. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.