2-6 қыркүйек аралығында “Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум” шеңберінде балаларға қатысты зорлық жасау проблемаларын зерделеуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Аталған іс-шаралар “Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жазалардың кейбір түрлерін ізгілендіру, сондай-ақ КТУОБОО-дарын білім беру жүйесінің қарамағына беру бөлігінде орындау үшін өткізілді.
Қазақстанда балаларға қатысты зорлық жасау проблемалары туралы аналитикалық есепті әзірлеу үшін әйелдер мен балаларға қатысты зорлық жасау, балаларды сату мен қанау, қылмыстың құрбандарына көмек көрсету, балаларды қорғау жүйесі, сот әділдігі жүйесіне қолжетімділік проблемалары бойынша мол жұмыс тәжірибесі бар ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысы, Шығыс Кентукки университетінің профессоры Робин Хаарр ханым шақырылды.
Жоспарланған іс-шаралар шеңберінде бейінді министрліктердің басшылықтарымен кездесулер өткізілді, Астана қаласының балалар мекемелеріне – Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы мен Мамандандырылған балалар үйіне сапар жасалынды, балаларға қарсы зорлық жасау жағдайының алдын алу мен оңтайлану жөнінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес секторға арнап семинар өткізілді.
Семинардың қатысушылары әлемдегі балаларға қатысты зорлықтың бар болуының халықаралық стандарттары мен тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды, сондай-ақ Қазақстанда бұл проблеманы шешу бойынша тиісті әдістеменің әзірленуі талқыланды.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық пен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) баспасөз қызметі.