Еуропаға жол
Тиімді экономика құруды міндет етіп қойған Қазақстан әлемнің жетекші елдері мен ілгерілеген өңірлерінің тәжірибесіне арқа сүйейді. Басым бағыттар қатарында Еуропа, ЕО елдері тұр. Еуропаға географиялық қатыстылығымен қатар, таза үш еуразиялық мемлекеттің бірі ретінде Қазақстан осынау маңызды өңірмен жан-жақты өзара ықпалдастықты жүзеге асыруда. Үш еуразиялық мемлекеттің ішінен Ресей ғана, астанасы Мәскеу Еуропада тұрғандықтан, еуропалықтар қатарына қосылған, ал Түркия мен Қазақстан еуропалық аумақтары бар Азия мемлекеттері. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының бір бөлігін қамтитын еуропалық аумағымыз 12 пайызды құраса, бұл Ресейде 25 пайыз, Түркияда 3 пайыз шамасында. Еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығы, “Еуропаға жол” бағдарламасының қабылдануы Кәрі құрлық елдерімен байланысты арттыра түсуді міндет етіп қойып отыр. Саяси бағдарлар және экономикалық басымдықтар ЕО-ға кіретін елдер әлемдік аренада маңызды рөл атқаратын серпінді даму үстіндегі экономиканы танытады. Жаһандық экономиканың: Солтүстік Америка, Шығыс Азия және ЕО болып келетін үш жетекші орталықта жаһандық ІЖӨ-нің 23,3 пайызы соңғысының үлесіне келеді. Солтүстік Америкаға 26 пайыз, Шығыс Азияға 18,2 пайыз тиесілі. Мұнда біз Шығыс Азияның солтүстік бөлігін ғана қарастырамыз, әйтпесе бұл өңірдің әлдеқайда кең ұғымы бар, ол Вьетнамды, Лаосты, Индонезияны және басқа бірқатар елдерді қамтиды.ІЖӨ көлемі (млрд. доллар)
2000 ж. 2004 ж. 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. Солтүстік Америка 11099,8 13779 15292,5 16452 17494 16455,3 АҚШ 9837,4 11750 13201,8 13840 14580 14256,3 Канада 687,9 1023 1251,5 1266 1336 1336,1 Мексика 574,5 1006 839,2 1346 1578 874,9 ЕО 6048,4 11650 13349 14380 14960 14510 Германия 1873 2362 2906,7 2810 2863,6 3346,7 Франция 1294,2 1737 2230,7 2047 2097 2649,4 Ұлыбритания 1414,6 1782 2345 2137 2281 2174,5 Италия 1073,9 1609 1844,7 1786 1801 2112,8 Испания 558,6 937 1223,9 1352 1378 1460,2 Шығыс Азия 6693,1 7586,8 8531,9 9646,4 11154 11325 Жапония 4841,6 3745 4340,1 4290 4487 5067 Қытай 1079,9 2340,7 2668,1 3460 4598 4909,3 Корей Респ. 457,2 925,1 888 1201 1312 832,5 Тайвань 314,4 576 635,7 695,4 757 717,7 ЕО аса маңызды экономикалық өңірлер арасында екінші ұстанымда тұруын жалғастыруда. Әлемдік біріншілікте АҚШ көш бастап келеді. Мексикамен және Канадамен NAFTA аясында еркін сауда аймағын құру солтүстікамерикалық сауда-экономикалық одағының жаһандық экономикадағы әлеуетін айтарлықтай кеңейтті. Сонымен қатар. Шығыс Азия тарапынан өсе түскен бәсекелестікті айтпай кетуге болмайды. Соңғы жылдары бұл өңір елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы барынша көзге түсіп отыр. Өзара саудадағы, инвестициялық арналардағы бұл елдердің үлесі үнемі өсіп келеді. Мәселен, 1970-2000 жылдар кезеңінде шығысазиялық сауда ішіндегі олардың үлес салмағы 32-ден 50 пайызға дейін өскен. Қытай, Жапония мен Корей Республикасы арасындағы өзара сауда көлемі 1991-2004 жылдар кезеңінде 56 млрд. доллардан 324 млрд. долларға дейін ұлғайып, өсуін жалғастыруда. Қытайдың ЕО-мен сауда айналымы 2008 жылы – 425,6 млрд. доллар, АҚШ- пен – 333,7, Жапониямен 266,8 млрд. доллар болған. 2010 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіштер тиісінше 133,8; 107,2 және 88,7 млрд. доллар болды. Бұл ретте Қытай АҚШ-ты жапон рыногынан ығыстыруда. Жапонияға жеткізілімдер көлемі осы кезеңде 37,5 пайызға өскен. Мұндай үрдіс жаһандық экономикадағы өңірдің салмағын арттырып қана қоймай, сонымен бірге, әлемдік рыноктағы бәсекенің, өскелең қарсыластың сипатына елеулі ықпал етеді. Соңғы жылдары негізгі бәсекелестер арасындағы айырмашылық қысқара түсті. Ал мұның өзі бәйгеге барша қатысушыларды мазаландырады. Еуропа: біртұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігі үшін күрес Еуропалық экономиканың қозғаушы күші ЕО болып табылады. Күрделене түскен жағдайда бірлескен елдер біртұтас экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ең жаңа технологияларды жан-жақты ендіруге басымдық беруде. Инновацияларға, еңбек өнімділігінің артуына, капиталдың тиімділігіне, ғылым мен білімнің интенсивті дамуына барынша назар аударылуда. Соған орай мұндай бағыт өз жемісін беруде. Экономикалық ауыр салмақты – Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия – еуропалық көшбасшылар болып табылады. Испания мен Ресей секілді жетекші елдер өкше басуда. Бұл ретте Ресейге бұдан да биікке көтерілу мүмкін болған, бірақ экономикалық, қаржы дағдарысы елге үлкен залал келтірді. Көптеген еуропалық елдер өз көрсеткіштерін төмендетіп алғанын айтқан жөн. Әсіресе Шығыс Еуропаның барлық 21 елі және Батыс Еуропаның Грекия, Португалия және Мальта секілді 3 елі айтарлықтай залал шекті. Бұл қатарда Ресейді, Польшаны, Чехияны, Румынияны, Венгрияны, Украинаны, Словенияны, Хорватияны айрықша атау керек. Бұған өткен онжылдықтарда бұл елдердегі өсуге шикізаттарға әлемдік бағаның артуы, оларда батысеуропалық компаниялар филиалдарының белсенді орналасуы себеп болғанын айтқан жөн. Дағдарыс барысында әлемдік бағалар құлап түсті, көптеген жетекші компаниялар шығысеуропалық филиалдарының жұмысын уақытша тоқтатты. Мұның өзі ұлттық экономиканың нәтижелеріне өз салқынын дереу тигізді. Сонымен қатар 2010 жылы еуропалық экономикада, әсіресе, Германия секілді жетекші елде өсу байқалып отыр. Бұл Грекия, Испания және Португалия елдерінің келеңсіз көрсеткіштерін жауып отырғаны да белгілі. Еуропа, ЕО елдерінің ІЖӨ-сі (млрд. доллар) 2000 2004 2006 2007 2008 2009 2015* 1 Германия 1873 2362 2906,7 2810 2809,6 3346,7 3712,4 2 Франция 1294,2 1737 2230,7 2047 2097 2649 3104,7 3 Ұлыбритания 1414,6 1782 2345 2137 2281 2174,5 2836,6 4 Италия 1073,9 1609 1844,7 1786 1801 2112,8 2405,6 5 Испания 558,6 937 1223,9 1352 1378 1460,2 1590 6 Ресей 251,1 1408 986,9 2088 2225 1230,7 3060,6 7 Нидерланды 364,8 481,1 657,6 639,5 687,5 792,1 884,7 8 Швейцария 239,8 251,9 379,7 300,2 309,9 500,3 541,8 9 Бельгия 226,6 316 392 376 447 468,5 543,8 10 Польша 157,7 241,7 338,7 369,4 526,9 430 635,4 11 Швеция 227,3 255,4 384,9 334,6 358,4 406,1 574,9 12 Австрия 189 255,9 322,4 317,8 341,9 384,9 543,9 13 Норвегия 161,8 183 310,9 247,4 267 381,8 492,5 14 Грекия 112,6 226,4 244,9 324,6 351,3 329,9 341,9 15 Дания 162,6 174,4 275,2 203,7 213,6 309,6 385,1 16 Финляндия 121,5 151,2 200,4 185,5 185,5 237,5 275,1 17 Португалия 105 188,7 192,6 230,5 245 227,7 249,6 18 Ирландия 93,8 126,4 22,6 136,2 198,5 227,2 256,7 19 Чехия 50,8 172,2 175,3 208,5 217 190,3 302,9 20 Румыния 36,7 171,5 121,6 135,4 200,1 161,1 288,2 21 Венгрия 45,6 99,4 112,9 138,3 153,8 128,9 188,9 22 Украина 31,8 65,04 106,1 141,2 123,4 113,5 196,6 23 Қазақстан 18,3 43,1 81 104,8 133,4 109,1 236,3 24 Словакия 19,1 78,9 102 112,6 119,8 87,6 122,7 25 Хорватия 19 50,3 42,6 58,6 68,9 63 82,3 26 Люксембург 27,3 41,4 38,6 38,6 52,4 64,5 27 Белоруссия 29,9 70,5 36,9 105,2 60,3 48,9 107,2 28 Словения 18,1 39,4 37,3 54,7 54,7 48,5 62,8 29 Болгария 11,9 61,6 31,5 86,3 57,7 47,1 69,6 30 Сербия 26,5 31,8 52,1 40,9 42,6 52,8 31 Литва 11,3 45,2 29,8 59,6 59,6 37,2 41,9 32 Латвия 7,1 26,5 20,1 39,7 39,7 26,2 27,9 33 Кипр 21,3 36,5 23,2 24,9 29,4 34 Эстония 4,9 19,2 16,4 29,3 29,3 19,1 22,5 35 Босния және 4,4 26,2 11,3 27,7 27,4 17,1 24,1 Герцеговина 36 Исландия 8,5 9,4 15,8 12,1 12,1 12,1 14,3 37 Албания 3,7 17,5 9,1 19,9 26 11,8 19,5 38 Македония 3,6 6,1 17,3 17,3 9,2 13 39 Мальта 3,5 7,2 5,6 21,9 7,4 9,7 40 Монако 0,9 0,9 0,9 0,9 6,9 41 Молдавия 1,3 8,6 3,3 9,2 9,8 5,4 7,3 42 Косово 4,0 4,0 5,4 7,7 43 Лихтенштейн 0,8 1,8 1,8 5,1 44 Черногория 2,3 5,9 5,9 4,1 5,8 45 Андорра 1,9 2,8 2,8 3,7 46 Сан-Марино 0,9 0,8 0,8 0,8 1,9 *ХВҚ болжамы Егер көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, Қазақстан ІЖӨ көлемі бойынша 46 еуропалық елдің және ЕО мүшелерінің арасында тұрақты түрде 23-орынды алады екен. Залалдарды қалпына келтіру таяу уақытта елді 21-орынға, ал ұзақ мерзімді перспективада одан да жоғары ұстанымға шығара алады. ХВҚ бағалауы бойынша Қазақстан 2015 жылға қарай ІЖӨ көлемі бойынша Украинаны, Венгрияны басып озып, Португалияға, Финляндияға, Ирландия мен Румынияға барынша жақындайды. Ұлттық экономиканы ойдағыдай әртараптандыру жағдайында бұл міндетке қол жеткізуге болады. Және оны шешуде Қазақстанның Еуропа елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығы маңызды рөл атқарады. Сауда-экономикалық ынтымақтастық динамикасы Қазақстан Еуропаның барлық мемлекеттерімен және аумақтарымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыруда. Жалпысында Қазақстан мен ЕО-ның сыртқы сауда динамикасы оң негізде. Әсіресе, соңғы онжылдықтағы табыстар елеулі. Бүгінде Еуродақ Қазақстанның басты сауда-экономикалық әріптесіне айналған. Ұзақ жылдар бойы көш бастап келген Ресей 2004 жылы біріншіліктен айрылып қалды. Бұл ретте Ресейдің үлес салмағы бүкіл соңғы онжылдықта үздіксіз төмендеп барады, ал 2009 жылы ЕО-ның үлес салмағы 40,5 пайызға дейін өсті, мұның өзі Ресейден (17,4 пайыз) 2,3 есе, Қытайдан (13,2 пайыз) 3,1 есе көп. Мұндай өсудің басты факторы – Энергия тасымалдаушыларға әлемдік бағаның өсуі. Қазақстанның ЕО-мен сыртқы саудасында көш бастаушы Италия болып табылады. Өз көрсеткіштерін Швейцария, Франция, Нидерланды, Ұлыбритания өсіре түсті. 2002 жылға дейін екінші орында болған Германия бұл ұстанымын Швейцарияға беріп қойса, 2004 жылы Франциядан, 2008 жылы Нидерландыдан кейін қалды. Барынша аз тауар айналымы Андоррамен жасалған – 500 мың доллар. 100 млн. доллардан астам тауар айналымына Еуропаның 23 мемлекетімен қол жеткізілген.Қазақстан мен Еуропаның сыртқы сауда айналымы
(млн. доллар)
2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 Барлығы 13852 15085 16254 21335 32877 45201 61927 80512 109073 Еуропа 4003 4512 4851 6635 14271 21723 30539 35636 51398 ЕО 3088,2 2277 3109,7 4041,8 10492 15287 22790 27529 39135 Ресей 4191 4645 4047 5250 7651 9518 12804 16286 19994 Италия 1073,5 2296 1123,4 1263,3 3535,2 4869,3 8322,0 8905,1 13161 Швейцария 508 474,1 852,6 1741,6 3867 5710,6 6818,4 7724,0 11400 Франция 91,2 86 137,6 475 1782 2956,1 3806,5 4688 6202 Нидерланды 292,3 229,6 211,1 313,7 644 228,3 1894,1 2840 4914,5 Германия 886,6 992 806,5 880,6 1266 1709,6 2363,2 2979,6 3188 Ұлыбритания 451 544 391,5 392 541,1 744 1650,1 1870,3 2499,4 Финляндия 126,9 127,5 122,2 207,1 319,1 375,5 516,3 732,4 1140,1 Румыния 12,4 23,9 162,5 55,7 70 534,9 829,3 757,3 1107,4 Испания 15,4 19,9 40,2 89,7 346,6 540,2 1048,9 906,5 1055,3 Польша 115,2 225,5 395,2 318,2 358,3 564,7 507,8 654 887,9 Словакия 58,1 38,2 43,5 98,4 129,3 74,3 85,4 99,1 845,4 Швеция 64,3 51,7 67,8 139,7 171,5 278,3 520,9 534,9 746,2 Португалия 0,4 1,8 5,4 54,3 570,9 Грекия 2,7 67,7 45 16,3 8,7 8,3 9,1 16,3 520,0 Австрия 18,8 33,7 49 83 142,6 158,1 192,4 231,9 319,1 Болгария 4,8 8,3 24,1 23,2 14,8 21,3 25,9 199,2 302,1 Латвия 79,4 54,1 75,9 76,8 127,1 148,2 179,3 197 294,2 Венгрия 28,6 40,5 54,2 62,2 97,2 150,3 150,8 192,6 274,2 Бельгия 60,2 58,3 47,6 67,8 118,8 154,7 207,4 297,7 263,1 Чехия 62 50,3 68,4 67,5 149,5 119,5 157,2 194 259,2 Литва 22,7 16,5 12,3 18,1 38,4 97,9 72,9 118,4 179,8 Дания 8,8 15,1 28,4 34,5 33,6 37,4 45,2 54 155,2 Бүгінде Еуропаның барлық мемлекеттерімен экономикалық ынтымақтастық орнатылған. Соңғы онжылдықта бірқатар елдермен тауар айналымында интенсивті динамика байқалып отыр. 2000-2008 жылдар кезеңінде Еуропамен тауар айналымының 12,8 есе жалпы өсуі жағдайында бұл көрсеткіш Португалиямен 1427 есе, Грекиямен 192,6, Румыниямен 89,3, Испаниямен 68,5, Болгариямен 62,9, Швециямен 17,7 есе өскен. Бұл мемлекеттермен сауда динамикасы әу бастағы экономикалық ынтымақтастықтың салыстырмалы түрдегі төмен деңгейіне байланысты болды. Румынияға байланысты жағдай бұл елдің мұнай рыногында ҚазМұнайГаздың белсенділігі артуынан туындаған. Қазақстан тауарларын Еуропа сатып алуының интенсивті және көп реттік озық өсуі өзара сауда айналымының қозғаушы күші және жеделдеткіші екені анық. Нақ осы Еуропаның сауда-экономикалық мүдделерінің өсуі Қазақстанмен өзара қатынастарының басымдығы болып табылады. Біздің еліміз – оның Орталық Азиядағы негізгі әріптесі. Орталық Азия мен ЕО-ның сыртқы сауда айналымындағы Қазақстанның үлес салмағы 92 пайызды құрайды. Біздің еліміздің Еуропамен сауда-саттықта оң сальдосы бар. Қазақстанның Еуропаға экспорты 2000 жылғы 2,7 млрд. доллардан 2008 жылғы 41,9 млрд. долларға дейін өсті. Ол қазақстандық экспорттың бүкіл көлемінің 41,9 пайызына жетті және импорттан 4,4 есе асып түседі. Италия (10,7 млрд. доллар), Франция (4,6 млрд.), Нидерланды (4,4 млрд.), Швейцария (1,1 млрд.), Румыния (0,9 млрд.), Словакия (0,7 млрд.) секілді сауда әріптестермен өзара ықпалдастықта барынша жоғары оң сальдо байқалып отыр. Барынша теріс сальдо Ресеймен (7,5 млрд. доллар), Германиямен (1,9 млрд.) Норвегиямен (0,6 млрд.), Беларусьпен (0,2 млрд.) қалыптасқан. 2009 жылы Еуропаға шикізат секілді де, дайын тауар түрінде де 70 атаудағы 110 млн. тоннадан астам қазақстандық өнім, соның ішінде 50,5 миллион тоннадан астамы Батыс Еуропаға шығарылған. Технологиялық ынтымақтастық – Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының маңызды жолы Өзара ықпалдастықтың әр тарабы ұлттық, өңірлік мүдделерді негізге ала отырып, өз мақсаттарын көздейтіні белгілі. Тараптардың әрқайсысы үшін ерекше аймақтар, айрықша назар аударатын секторлар бар. Мәселен, Еуропа елдері Қазақстанның шикізат ресурстарына айқын қызығушылық білдіретін болса, Қазақстан осы заманғы технологияларға, мәшинелер мен құрал-жабдықтарға мұқтаж. Импорттың 3 млрд. долларға жуығы тұтыну тауарларын сатып алуға жұмсалыпты. Халықтың тұтыну басымдықтарында автомәшинелер, дәрі-дәрмек, жуу заттары, жиһаз, косметика, алкоголь ішімдіктері, кондитерлік өнімдер алда келеді. Кәсіпорындар мен ұйымдар негізінен қара металдан жасалған бұйымдарды, түрлі сораптарды, полимерлерді, жол құрылысы, ауыл шаруашылығы техникаларын, энергетикалық құрал-жабдықтарды, металл конструкцияларын, қағаз өнімдерін, станоктар және басқаларын сатып алған. Жекелеген тауарлар импортының көлеміне шетелдік инвесторлардың кен орындарын, соның ішінде Каспий қайраңын игеру үшін құрал-жабдықтарды көптеп әкелуі ықпал етті. Бұл Италиядан сораптардың, арматуралардың, фитингтердің импортталуынан айқын көрінеді. Импорттың құрамы мен құрылымы өнеркәсіптік те, сондай-ақ жеке тұтынуға да басымдық берілетінін көрсетеді. Мұнда технологиялық құрал-жабдықтар, өндіріске, өндіріс құралдарын шығаруға қажетті құралдар аз көрініс тапқан. Қазақстанның Еуропа елдеріне жеткізілімдері құрылымында үш кит: энергия тасымалдаушылар (96,0 млн.т), рудалар, металдар мен химикаттар (13,3 млн.т), аграрлық өнімдер (901,5 мың. т) айқын басымдықта. Қазақстанның Еуропаға, ЕО-ға 2009 жылғы экспорты Тауарлар атауы Мың.т Млн. Барлық импорттаушы елдер, доллар соның ішінде айрықша ірілері Энергия тасымал- 96045 23634 24 ел даушылар: 52834 20278 Италия, Франция, Швейцария, Нидерланды, Австрия, Словакия, мұнай Румыния, Испания, Грекия көмір 25508 510,7 Ресей, Украина, Польша, Финляндия, Словакия, Италия газ, мың текше метр 15556 1643,2 Ресей, Украина, Виргиния аралдары, Германия мұнай өнімдері 1919 504,2 Украина, Финляндия, Нидерланды, Италия, Ұлыбритания кокс 220,8 14,0 Ресей, Украина уран 7,1 683,8 Франция, Ресей Рудалар мен металдар: 12108 4690,1 14 ел темір 8300 485,5 Ресей хром 700 147,3 Ресей марганец 437 538,2 Ресей, Украина мыс 127 57,4 Ресей, Швейцария мырыш 48,8 20,7 Ресей қымбат металдар 16,3 16,4 Ресей ферроқорытпалар 347 421,9 Германия, Ресей, Италия, Украина, Нидерланды темір сынығы 308,8 64,4 Грекия, Италия, Латвия, Швеция, Ұлыбритания прокат 118,8 385,4 Ресей, Белоруссия, Ұлыбритания мыс 157,8 810,9 Ұлыбритания глинозем 1358,5 305,2 Ресей алюминий өңделмеген 119,2 180 Швейцария, Ресей қорғасын 50 94,3 Швейцария, Испания мырыш 156 212,2 Италия, Нидерланды, Швейцария, Ұлыбритания, Ресей титан 19 26,5 Нидерланды, Ұлыбритания күміс, т 593,4 271 Швейцария, Ұлыбритания, Германия алтын, т 22,7 652,8 Швейцария Химикаттар: 1202 153 10 ел күкірт 992,3 14,5 Ресей, Украина, Литва, Грекия фосфаттар 140 51,7 Ресей, Польша, Украина тыңайтқыштар 60 13,2 Латвия, Литва, Болгария, Румыния хром оксидтері 29,9 47,4 Латвия, Бельгия қышқылдар тұзы 16,5 15,1 Латвия, Германия карбид 24 9,1 Ресей, Румыния персульфаттар 11,2 6,8 Латвия, Украина, Ресей Аграрлық өнімдер: 901,5 294,5 17 ел астық 463,2 106,7 Ресей, Ұлыбритания, Грекия, Италия, Польша, Норвегия, Швейцария дарбыз 141,5 34,4 Ресей, Германия, Латвия, Беларусь, Литва көкөніс 116,9 34,3 Ресей мақта талшығы, 72,8 98,6 Ресей, Латвия, Италия, Германия иірілген жіп, маталар балық, балықтың 31,8 71,8 Ресей, Украина, Германия жон еті майлы дақылдар 58 21,9 Латвия, Финляндия, Норвегия, (рапс, зығыр, соя Бельгия, Нидерланды күнбағыс) иленген тері 2,2 2,5 Италия, Германия, Испания, Украина этил спирті 9,9 3,9 Финляндия, Ұлыбритания, Ресей Қазақстанның барлық мұнай экспортының 77,9 пайызы Еуропа елдеріне келеді. Еуропа жыл сайын 530 млн. тонна мұнай экспорттаса, өз тұтынуының 10 пайыздан астамын Қазақстан есебінен жабады. 52 миллионнан астам еуропалық автомәшинелер Қазақстан мұнайынан өндірілген жанармаймен және дизель отынымен жүреді. Басқа елдер арқылы жыл сайын 5 млн. тоннадан астам Қазақстан мұнайын сатып алатын Германия тікелей біздің елден бар-жоғы 132,6 мың тонна мұнай экспорттайтынын айтқан жөн. Өнеркәсіптік газ Германияға, Польшаға, Чехияға тасымалданады. Қазақстан сондай-ақ түрлі сирек, қиын балқытылатын металдардың: молибденнің, висмуттың, тандалдың, ренийдің, галлийдің, ванадийдің, магнийдің, бериллийдің, марганецтің жеткізілімдерін жүзеге асырады. Темірдің жартылай фабрикаттарының, тұрбаның, фитингтің, контейнерлердің, цистерналардың, құймалардың, двигательдердің, трансформаторлардың, сораптардың, есептегіштердің, пульттердің, панельдердің, сымдардың аздаған көлемі сыртқа шығарылған. Аграрлық өнімдерден еуропалық рынокқа сондай-ақ ұн, жүзім, алма, өрік, балуыз, кеспе, кондитер, тоқыма бұйымдары жеткізіледі. Олар Ресейге, Италияға, Молдоваға, Украинаға, Беларусьқа, Германияға, Грекияға, Испанияға, Эстонияға, Нидерландыға, Финляндияға, Ұлыбританияға шығарылған. 9 елге – Ресейге, Украинаға, Польшаға, Чехияға, Бельгияға және басқаларына беріледі. Еуропалық елдерден Қазақстан 8,6 млрд. доллар сомасына мәшине, құрал-жабдықтар, дайын өнімдер, тұтыну тауарларын алады, мұның өзі бүкіл импорттың 25 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш Қытай нәтижесінен (12 пайыз) екі есе жоғары, бірақ Ресейдікінен (36,3 пайыз) төмен. Еуропа елдері қара металл, бұйымдары, дәрі-дәрмек, электр жабдықтары мен аппаратуралары, жеңіл автомобильдер рыноктарында барынша белсенді. Қара металл бұйымдарын, сораптарды 34 ел, 33,4 мың тонна көлеміндегі дәрі-дәрмекті – 33 ел, 56,6 автомобильді 22 ел жеткізіп береді. Қазақстанға еуропалық тауарлардың 2009 жылғы импорты (70 млн. доллардан жоғары) млн. Ірі импорттаушылар, долл. млн, доллар Қара металл бұйымдары 3004,6 Ұлыбритания, Италия, Ресей, Германия, Швеция, Франция, Финляндия, Чехия Ауа, сұйық сораптары 897,7 Италия, Германия, Франция, Нидерланды, Ресей, Ұлыбритания, Украина, Бельгия Шүмектер, қақпақшалар, 638,6 Италия, Германия, Ұлыбритания вентильдер Металл конструкциялар 624,9 Германия, Ресей Электр аппаратура, 602,9 Ресей, Германия, Ұлыбритания. сымдар Чехия, Украина, Литва Центрифугалар 466,2 Италия Дәрі-дәрмек 425,6 Германия, Франция, Ресей, Швей- цария, Венгрия, Италия, Слове- ния, Австрия, Польша, Ұлыбри- тания, Нидерланды, Украина, Бельгия, Дания, Белоруссия, Испания Полимерлер, пластмасса 424,1 Ресей, Германия, Польша, бұйымдар Франция Электр және жылу 413 Германия, Италия, Норвегия, энергетика құрал- Испания, Ұлыбритания, Польша, жабдықтары Швеция, Румыния Кемелер, маяктар, 350,9 Италия, Нидерланды, Польша яхталар Ауылшаруашылық 268,2 Германия, Ресей, Украина техникасы Жеңіл автомобильдер 258,3 Германия, Ұлыбритания, Ресей Жол құрылысы техникасы 254,8 Германия, Франция, Ресей, Польша, Швеция, Финляндия Тау-кен жабдықтары 254 Германия, Финляндия, Испания, Италия, Франция, Швеция Шиналар 215,9 Ресей, Германия, Франция, Финляндия Жиһаз 195,6 Италия, Польша, Ресей, Беларусь, Франция, Украина Целлюлоза-қағаз өнімдері Ресей, Финляндия, Германия Ұшу аппараттары 192,6 Ұлыбритания Синтетикалық жуу 165,9 Ресей, Польша, Германия заттары, сабын ДВП, ДСП 158,1 Ресей Медицина құралдары 157 Германия Есептеу мәшинелері 150,8 Германия, Ирландия, Ұлыбрита- ния, Чехия, Ресей, Франция, Швеция, Италия, Финляндия, Венгрия Әйнек және бұйымдар 141,8 Ресей, Германия, Италия, Сло- вения, Польша, Болгария Гербицидтер, инсектицидтер 127,5 Германия Косметика, духилар 124 Франция, Польша, Италия Алкоголь ішімдіктер 122,9 Ресей, Франция Кондитерлік өнімдер 121,4 Швейцария, Германия, Ресей, Венгрия Телефон аппараттары 84,4 Финляндия, Словения, Ресей, Германия Станоктар 72,9 Германия, Ресей, Италия, Франция Германия көптеген салаларда, атап айтқанда электр-техникалық, ауылшаруашылық, көлік, тау-кен, медициналық құрал-жабдықтарды, станоктар, металл конструкцияларын, аспаптар, сораптар жеткізіп беруде алда келеді. Сонымен қатар, жекелеген елдер жеткізілімдердің жекелеген түрлерінен басым түсуде. Мәселен, мұнай-газ құрал-жабдықтары – Италиядан, косметика – Франциядан, жиһаз – Италиядан, қағаз, бояу, шиналар, маяктар, сантехника – Финляндиядан, ДСП – Ресейден, Польша мен Латвиядан, тұрбалар – Австриядан көп жеткізіледі. Бізге құрал-жабдықтардың, мәшинелердің, тұтыну тауарларының айтарлықтай саналуан түрлерін беретін Ресей маңызды рөл атқарады. Қазақстандық рынокта еуропалық тауарлар азиялық, америкалық жеткізіп берушілер тарапынан өсе түскен бәсекеге тап болып отырғанын айтқан жөн. Дәрі-дәрмек рыногында – бұл Үндістан, автомобиль рыногында – Жапония, Корей Республикасы, АҚШ және Қытай, ауылшаруашылық техникасы рыногында – АҚШ, Канада, жиһаз рыногында – Қытай, кондитерлік заттар рыногында – Түркия. Қытай, Корей Республикасы басымдық танытуда. Көптеген рыноктарға Қытай өндірісшілерінің қатысуы өсе түсуде, олар қолайлы бағамен қатар барған сайын жақсы сападағы тауарларын ұсынуда. Соның нәтижесінде Еуропаның үлес салмағы 2000 жылға қарағанда 2009 жылы қара металл бұйымдары рыногында 82,9 пайыздан 64,7 пайызға дейін төмендеген, дәрі-дәрмек рыногында 84,4 пайыздан 68,8 пайызға дейін, автомобиль рыногында 85 пайыздан 50,7 пайызға дейін, есептеу техникасы рыногында 64,1 пайыздан 55,4 пайызға дейін азайған. Еуропаны шығысазиялық елдер қазақстандық тауар рыногынан ығыстыруда. Әкелінетін тауарлар жиынтығына жүргізілген талдау Қазақстан олардың басым бөлігін дербес, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындарда жасай алатынын көрсетеді. Әсіресе, бұл қара металл бұйымдарына, металл конструкцияларына, пластмассаға, химия өнімдеріне қатысты болып отыр. Бұл жағдайлар Қазақстанның Еуропаға көбірек қажет екенін көрсетеді. Еуропалық инвестициялар – ынтымақтастықтың қаржылық векторы Экономикалық өзара іс-қимылда инвестициялар маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта бұл ресурстар 31 еуропалық елден, сондай-ақ Кипрдан және британдық 4 аумақтан (Виргиния, Бермуд, Кайман аралдарынан, Гибралтардан) тартылуда. Қазақстан экономикасына еуропалық инвестициялар көлемі 2000 жылғы 1,1 млрд. доллардан 2008 жылғы 12,5 млрд. долларға дейін өсті. Олардың үлесіне Қазақстанға тартылған барлық инвестициялардың 62,9 пайызы кел