• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары

479 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 3 қыркүйек Астана, Үкімет үйі №887 Маңғыстау облысы Ақтау қаласының қала маңы аймағының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 110-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы Ақтау қаласының қала маңы аймағының шекаралары белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысы Ақтау қаласының қала маңы аймағына қосылған жерлерді пайдалану қағидалары мен режимі бекітілсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. _________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010жылғы“3”қыркүйектегі № 887 қаулысына қосымша

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының қала маңы аймағының шекаралары 1.    Қала маңы аймағының учаскесі Солтүстік шекарасы Түпқараған ауданы Ақшұқыр селолық округінің солтүстік шекарасымен жапсарлас, одан әрі шығыс бағытында тікелей Мұнайлы ауданының шекарасына дейін. Шығыс шекарасы Мұнайлы ауданының шекарасымен жапсарлас. Оңтүстік шекарасы Қала маңының аймағына кіретін Түпқараған ауданы Ақшұқыр селолық округінің шекарасымен жапсарлас. Батыс шекарасы Каспий теңізінің жағалау сызығымен жапсарлас. 2.    Қала маңы аймағының учаскесі Солтүстік шекарасы Қала маңының аймағына кіретін Мұнайлы ауданының Атамекен селолық округі мен Маңғыстау селосының шекараларымен жапсарлас. Шығыс шекарасы Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосы мен Дәулет селолық округі жерлерінің шекарасымен жапсарлас. Одан әрі шекара оңтүстік-батыс бағытында тікелей “Ақтау порты – Жетібай – Шетіс – Сай – Өтес – Бейнеу – Құлсары – Доссор” автожолына дейін, осы автожолдың және коммуникация дәлізінің бойынан өтеді, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе селолық округінің шекарасымен жапсарлас. Оңтүстік шекарасы Мүнайлы ауданының шекарасымен жапсарлас. Батыс шекарасы Ақтау қаласы жерінің шекарасымен және қала маңының аймағына кірген Мұнайлы ауданы Атамекен селолық округінің шекарасымен жапсарлас. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010жылғы“3” кыркүйектегі № 887 қаулысымен бекітілген Ақтау қаласының қала маңы аймағына қосылған жерлерді пайдалануқағидалары мен режимі 1. Осы Ақтау қаласының қала маңы аймағына қосылған жерлерді пайдалану қағидалары мен режимі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 110-бабына сәйкес әзірленген. 2. Ақтау қаласының қала маңы аймағына қосылған елді мекендердің жерлері осы кенттер, ауылдар, селолар мен басқа да қоныстардың (бұдан әрі –елді мекендер) бас жоспарларының, олардың аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың және аймақтарға бөлу схемасының негізінде пайдаланылады. 3. Қала маңы аймағына қосылған елді мекендердің жер-шаруашылық орналастыру жобаларының, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларының (бұдан әрі – жобалар) Ақтау қаласының бас жоспарына сәйкестігін айқындау үшін тиісті селолық округтің әкімі оларды Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органына келісуге ұсынады. Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органы үш ай мерзімде жобаларды тиісті сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау органдарының, санитариялық-эпидемиологиялық және басқа да қызметтердің қарауын қамтамасыз етеді әрі олардың қорытындылары негізінде ұсынылған жобаларға келісім беру туралы шешім қабылдайды. Жобалар бас жоспарға сәйкес келмеген жағдайда Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органы аумақтары қала маңы аймағына қосылған тиісті аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жобаларды бас жоспарға сәйкес келтіру үшін оларды түзету туралы өтініш білдіреді. 4. Қала маңы аймағы елді мекендерінің түзетілген жобалары аудандық (қалалық) өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен белгіленеді және өзгертіледі. 5. Ақтау қаласының қала маңы аймағына қосылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы мақсаты үшін пайдаланылады. Қала маңындағы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды дамыту аймағына қосылған жерлерді ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін алып қоюды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден басқа түрге ауыстыруды аумақтары қала маңы аймағына қосылған аудандық және облыстық жергілікті атқарушы органдар өз құзыретіне сәйкес жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді. 6. Каспий теңізінің жағалау аумағындағы жерлер су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шегінде Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125 және 145-1-баптарына сәйкес пайдаланылады. 7. Қала құрылысын ерекше реттеу аймағына қосылған жерлер Ақтау қаласын дамытуға, инженерлік және көліктік инфрақұрылымдардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті құрылыстарды орналастыруға және салуға арналған резервтік аумақтар болып табылады. Қала құрылысын ерекше реттеу аймағында құрылыс салу көрсетілген аймақта орналасқан елді мекендердің Ақтау қаласының сәулет және қала құрылысы органдарымен келісілген бас жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. 8. Қала құрылысын ерекше реттеу аймағында орналастыру межеленіп отырған, қаланың сәулетіне және экологиясына әсер ететін, оларға елді мекендердің шегінен тыс жер учаскелері көзделген объектілер бойынша Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органы және аумағы қала маңы аймағына қосылған ауданның жергілікті атқарушы органы осы объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін таңдау жөніндегі арнайы комиссия құрады. 9. Көрсетілген комиссияның құрамына Ақтау қаласының және аумағы қала маңы аймағына қосылған ауданның жергілікті атқарушы және өкілді органдары мен тиісті сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарының, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. 10.       Қала құрылысын ерекше реттеу аймағында жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруді немесе олардың нысаналы мақсатын өзгертуді жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жүзеге асырады. * * * Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010 жылғы 3 қыркүйек Астана, Үкімет үйі №889 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 492 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. “Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы №492 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: тақырыбы және 1-тармақ “қызмет түрлерін көрсету” деген сөздерден кейін “және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша қаражатын жұмсау” деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесінде: тақырыбы және 1-тармақ “қызмет түрлерін көрсету” деген сөздерден кейін “және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) сатудан түскен ақша қаражатын жұмсау” деген сөздермен толықтырылсын; 12-тармақта “пайдалануы” деген сөз “жұмсауы” деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын: “14. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты: 1)       мемлекеттік мекемелердің сорттарды сынау станциялары мен учаскелерінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын және зертханалық зерттеулерді жүргізуге; 2)        мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы техникасын, ауыл шаруашылығы, зертханалық құрал-жабдықтарды және тектіктерді сатып алуға; 3)     ауыл шаруашалығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізуге; 4)    ауыл шарушылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласында ауыл шаруашылығы және зертханалық жұмыстар жүргізу үшін мемлекеттік мекемелер тартатын штаттан тыс маусымдық мамандар мен жұмысшылардың қызметтеріне, еңбегіне ақы төлеуге; 5)                тауарлы материалдық құндылықтарды: жанар-жағармайды, ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдары мен көшеттерді, минералдық тыңайтқыштарды, пестицидтерді, химиялық реактивтерді, қосалқы бөлшектерді, байланыс құралдарын, метеорологиялық деректерді, еңбекті қорғауды, өрт қауіпсіздігі мен гигиенаны қамтамасыз ету үшін арнайы қорғану құралдарын, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің ағымдағы сорттарды сынау мақсаттары үшін басқа да заттар мен материалдарды сатып алуға; 6)                көлік, пошта және байланыстың басқа да түрлерінің қызметіне, коммуналдық қызметтке, әкімшілік және қойма үй-жайларын жалға алу, топырақты агрохимиялық зерттеу және мелиорациялық іс-шараларды жүргізу жөніндегі, көлік құралдарын техникалық байқау және міндетті сақтандыру, мемлекеттік мекемелердің өлшеу және мамандандырылған жабдықтарын тексеру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге; 7)       мемлекеттік мекемелердің сорттық тектік қоры жөніндегі материалдарды толықтыру үшін баспа басылымдарын, ғылыми, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді сатып алуға; 8)    мемлекеттік мекемелердің ғылыми, әдістемелік материалдарын және ресми бюллетендерін шығаруға; 9)      мемлекеттік мекемелердің мамандарын даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға; 10)             ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау саласындағы нәтижелердің деректерін автоматты өңдеуді арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға және енгізуге; 11)             мемлекеттік мекемелер үшін шетелдік хат-хабарлар мен ғылыми құжаттамалар аудармашыларының қызмет көрсетуін сатып алуға; 12)             ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің едәуір перспективалық және бағалы сорттарын жарнамалау мен насихаттау жөніндегі бұқаралық іс-шараларды өткізуге (егіс күні, семинарлар, көрмелер, саяхаттар мен тұсаукесерлер); 13)    мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуіне байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жөндеуге; 14)      мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің іссапар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапар шығыстарына; 15)    мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады.”. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. * * *

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2010 жылғы 3 қыркүйек Астана, Үкімет үйі №890

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2313 және 2010 жылғы 25 ақпандағы № 123 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) “Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2313 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 5, 59-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде: бүкіл мәтін бойынша “зауыттан”, “Зауыт”, “Зауыттардың”, “Зауыттар”, “зауытқа”, “зауыт” деген сөздер тиісінше “өндірушіден”, “Өндіруші”, “Өндірушілердің”, “Өндірушілер”, “өндірушіге”, “өндіруші” деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: бірінші бөлікте: 1) тармақшадағы “отандық тыңайтқыш өндіруші зауыттар (бұдан әрі – зауыт)” деген сөздер “отандық тыңайтқыш өндірушілер (бұдан әрі – өндіруші)” деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақша “(бұдан әрі – өнім беруші)” деген сөздерден кейін “және (немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден (бұдан әрі – шетелдік тыңайтқыш өндірушілер)” деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақшада: “өнім берушіден” деген сөзден кейін “және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден” деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: “Бұл ретте өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне) арналған субсидиялар нормативтері және АШТӨ өнім берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтері тыңайтқыштардың 50 %-ға дейінгі құнын құрауы тиіс.”; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: “3. Мыналар тыңайтқыш сатушылар болып табылады: өндіруші – Қазақстан Республикасында тыңайтқыш өндіруді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Өндірушілердің тізбесін Министрліктің сұратуы бойынша индустрия және жаңа технологиялар саласындағы уәкілетті орган береді; өнім беруші – Қазақстан Республикасында өндірісі жоқ тыңайтқыш түрлерін сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасының резиденті.”; 7-тармақ “аудандар” деген сөзден кейін “(облыстық маңыздағы қалалар)” деген сөздермен толықтырылсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: “8. Арзандатылған тыңайтқыштар алуға және шығындарды өтеуге тыңайтқыштардың әрбір түрі бойынша АШТӨ тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен, ал Астана қаласы бойынша қала әкімінің шешімімен аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы) әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, Астана қаласының) ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) құрылады. Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, ал облыстық маңызы бар қалада, Астана қаласында – қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі немесе басқармасы ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.”; 10-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: “шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден ағымдағы жылы немесе алдыңғы жылғы ІV тоқсанда сатып алған жағдайда субсидиялар 2-қосымшаға сәйкес сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтеріне сәйкес АШТӨ-ге төленеді;”; 11-тармақта: бесінші абзацта: “және (немесе) өнім берушіден” деген сөздерден кейін “және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден” деген сөздермен толықтырылсын; “және өнім берушіден” деген сөздерден кейін “және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден” деген сөздермен толықтырылсын; алтынша абзацта: (тыңайтқыштарды зауыттан және (немесе) өнім берушіден алдыңғы жылғы ІV тоқсанда және өнім берушіден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ үшін) деген сөздерден кейн “;” белгісі қойылып мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: “кедендік жүк декларациясының, тауар-көліктік жүкқұжаттың, шот-фактураның (инвойс) көшірмелерін (телнұсқаларын) (тыңайтқыштарды алдыңғы жылғы ІV тоқсанда және ағымдағы жылы шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алған АШТӨ үшін) ұсынады.”; 14-тармақтың бірінші бөлігі “аудан” деген сөзден кейін “(облыстық маңызы бар қала)” деген сөздермен толықтырылсын; 15-тармақтағы “Аудан (Астана қаласы)” деген сөздер “Аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы)” деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақтағы “аудан (Астана қаласы)” деген сөздер “аудан (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы)” деген сөздермен ауыстырылсын; 17-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші, төртінші абзацтары “өнім берушіден” деген сөздерден кейін “және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден” деген сөздермен толықтырылсын; 19-тармақтың бірінші, екінші абзацтары “өнім берушіден” деген сөздерден кейін “және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден” деген сөздермен толықтырылсын; 23-тармақтың бірінші бөлігі “Қандай да бір аудан” деген сөздерден кейін “(облыстық маңызы бар қала)” деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) “Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 123 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 18, 141-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2010 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде: 7-тармақтағы “(Астана қаласының)” деген сөздер “(облыстық маңызы бар қаланың және Астана қаласының)” деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақ “аудандар” деген сөзден кейін “, облыстық маңызы бар қалалар” деген сөздермен толықтырылсын; 13, 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: “13. Тауар өндірушілердің бюджеттік субсидиялар алуға арналған тізімін айқындау үшін әрбір ауданда (облыстық маңызы бар қалада) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен, ал Астана қаласы бойынша қала әкімінің шешімімен тиісінше аудан (облыстық маңызы бар қала және Астана қаласы әкімдігінің), ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің (облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының), Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының, аграрлық бейіндегі ғылыми ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) құрылады. 14. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі немесе басқармасы, ал Астана қаласында қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы немесе бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.”; 16-тармақтың үшінші абзацы “сәйкестендіру” деген сөзден кейін “және (немесе) құқық белгілейтін” деген сөздермен толықтырылсын; 21-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі “ауданға (Астана қаласына)” деген сөздер “ауданға (облыстық маңызы бар қалаға және Астана қаласына)” деген сөздермен ауыстырылсын; 22-тармақтағы “Аудан (Астана қаласының)” деген сөздер “Аудан (облыстық маңызы бар қаланың, Астана қаласының)” деген сөздермен ауыстырылсын; 27-тармақ “аудан” деген сөзден кейін “(облыстық маңызы бар қала)” деген сөздермен толықтырылсын; 28-тармақтағы “аудан әкімдері (Астана қаласының әкімі)” деген сөздер “аудан (облыстық маңызы бар қалалар, Астана қаласы) әкімдері” деген сөздермен ауыстырылсын; 32, 33-тармақтардағы “(Астана қаласы)” деген сөздер “(облыстық маңызы бар қала, Астана қаласы)” деген сөздермен ауыстырылсын; 36-тармақ “Қандай да бір аудан” деген сөздерден кейін “(облыстық маңызы бар қала)” деген сөздермен толықтырылсын; Ережеге 1-қосымшада: реттік нөмірі 13-жолдың 3-бағанында мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; Ережеге 4, 5 және 6-қосымшаларда оң жақ жоғары бұрыштағы “(Астана қаласының)” деген сөздер “(облыстық маңызы бар қаланың, Астана қаласының)” деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ. __________________

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы “3” қыркүйектегі №890 қаулысына 1-қосымша

Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы  дақылдарының шығымдылығын және сапасын  арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық  бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы  трансферттерді пайдалану ережесіне 1-қосымша Өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне) арналған субсидиялардың нормативтері Р/с        Өнімнің түрі                                                          Тыңайтқыштардың                            Өткізілген №                                                                                               1 тоннасының/                                    тыңайтқыштардың литрінің құнын                                     1 тоннасына/литріне арзандату                                               арналған субсидиялардың пайызы, дейін                                       нормативі, теңге 1           Аммиак селитрасы (N-34,4)                                  50                                           21 750 2           Аммофос (N-10; P-46)                                               50                                           35 000 3           “Б” маркалы МЭРС                                                      50                                           17 500 4           Аммоний сульфаты (N-21)                                    50                                           4 500 5           Жай суперфосфат (Р-19)                                         50                                           18 250 6           Сульфоаммофос (P-20: N-20: S-40)                  50                                           27 500 7           Хлорлы калий (Калимаг                                        50                                           26 500 түрінде) (КCL-65, K2O-42, Mg, Na, Ca) 8           Калий сульфаты (К-53)                                          50                                           65 000 _______________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы “3” № 890 қаулысына 2-қосымша Облыстық бюджеттердің және Астана қаласы бюджетінің өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын және сапасын арттыруды қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 2-қосымша АШТӨ өнім берушіден және (немесе) тікелей шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялардың нормативтері р/с       Өнімнің түрі                                               Тыңайтқыштардың                     АШТӨ сатып алған №                                                                                  1 тоннасын сатып                       тыңайтқыштардың 1 алуға жұмсалған                                                  тоннасына арналған АШТӨ шығынын                                                   субсидиялардың өтеу пайызы, дейін                                             нормативі, теңге 1         Карбамид (N-46,2; N-46,3; 50                    23 000 N-46,4) 2          Нитроаммофоска (N-15: P-15:                                        50                                33 000 К-15: N-16: P-16: К-16) 3          Нитроаммофоска (N-13: Р-19;                                        50                                35 000 К-19) 4          Нитроаммофоска (N-9: Р-25:                                          50                                37 000 К-25) 5          Аммоний сульфаты (N-21)                                              50                                4 500 6          Калий сульфаты (К-50)                                                     50                                50 000 7          Хлорлы калий (К-42)                                                         50                                25 000 8           Хлорлы калий (К-60)                                                        50                                 34 000 ________________________________________________________________