• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2010

Байкал экономикалық форумына қатысты

446 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республика­сы­ның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Иркутск қаласында ашылған 6-шы Байкал эконо­микалық форумының жұмысына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Қазақстан мен Ресей арасында көптеген экономикалық бағыттар мен жобалар бойынша бұрыннан қалыптасқан және тиімді өзара байланыстар жолға қойылған, деп атап өтті К.Мәсімов  пленарлық  оты­рыстың ашылуында сөйлеген сөзінде. Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Анатольевич Медведевтің бүгін ресми сапармен өңіраралық ынтымақтастық фо­ру­мы өтіп жатқан Қазақстанда бо­лып, Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­­баевпен бірге екіжақты қыз­мет­­тестіктің нақтылы да прак­ти­калық мәселелерін талқылауының өзі нышандық сипатқа ие, деп атап көрсетті К.Мәсімов. Байкал экономикалық форумы шеңберінде Қазақстан Үкіметінің басшысы К.Мәсімов РФ Федера­ция­ Кеңесі Федералдық жина­лы­сының Төрағасы Сергей Миро­новпен кездесті. Сол сияқты  К.Мәсімов  Ан­гарск  электролизді химия зауы­тын­­да болып,  “Росатом”  атом  энер­гетикасы жөніндегі мемле­кет­тік корпорацияның  бас дирек­то­ры Сергей Кириенкомен және “АЭХК” ААҚ-тың бас директоры Александр Белоусовпен кездесті.
Соңғы жаңалықтар