• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2010

Бірыңғай интернет кеңістігі болады

643 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Қазнетті дамыту жөнінде  кеңес өткізді. Оған Байланыс және ақпарат министрлігінің, “Қазконтент” АҚ-тың өкілдері және “Қазақстан Интернет ассоциациясы” ЗТБ мү­шелері қатысты. Кездесу бары­сын­да Қазақстанда хостингті, пирингтік қатынастарды, элек­трон­дық коммерцияны дамыту жағ­дайын жақсартуға қатысты мәселелер талқыланды. Еске салатын болсақ, хостингті дамыту мәселесі маусымдағы кез­десуде көтерілген болатын. Онда “Қазконтент” АҚ “Қазтелеком” АҚ желілеріне жеңілдетілген қолже­тім­ді хостинг-алаңдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ “мегалайнерлер” үшін олардың ресурстарын “ішкі” етіп жасауды ұсынған болатын. Кездесу барысында “Қазтеле­ком” АҚ коммерциялық директоры Асқар Есеркегенов, “Интернет-трафикпен алмасу орталығы” қауымдастығына кіретін ком­па­ниялардың алаңдарында орналас­қан абоненттерге әлеуметтік пай­да­сы бар сайттарға тегін кіруге мүм­кіндік беру дайындығын хабарлады. Баламалы хостинг алаңдары өкілдерінің пікірі бойынша, “Қа­зақтелеком” ұсынысы – Қазнетті дамыту ісіндегі алға тағы бір қадам.  Министр мүдделі тараптарға оның іске асырылуын созбауды және ұсы­нысты “сынақтан істе өткізу” үшін қанатқақты сайттарды жедел анықтауды тапсырды. “Қазконтент” АҚ төрағасы Азамат Омаров “Қазақстандық бір­ыңғай интернет-кеңістік құру” туралы және оған басқа рынок ойыншыларын қосу перспек­тива­лары туралы келісімге Алма ТВ, СТС және Базис-телеком компа­ния­ла­ры ағымдағы жылдың 16 та­мызында қол қойғаны туралы хабарлады. Мәжілістің аясында Асқар Жұ­мағалиев “е-коммерцияны дамыту, қазақстандық экономиканы ре­формалаудың, әлемдік экономикаға ықпалдастырудың және бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қуатты және тиімді құралдарының бірі бо­луы мүмкін”, деді. “AWARD.kz ұлттық интернет-сыйлық” қоғамдық қорының ди­рек­торы Константин Горжанкиннің сөзінше, “Интернет-пайдаланушы­лар үшін электрондық коммер­ция­ны дамыту – бұл бәрінен бұрын жаһандық таңдау, ұсыныстарды жыл­дам салыстырудың мүм­кін­ші­лігі, операцияларды жүзеге асы­ру­дың және бағаларды төмендетудің қолайлылығы”. Байланыс және ақпарат ми­нистр­лігінің бас­шы­сы хабар­ла­ған­дай, бүгінгі күні министрлік осы мә­селеге көп көңіл бөлуде. Құрыл­ған “электрондық үкіметтің төлем шлюзінің” арқа­сында бүгінде пор­тал арқылы аза­маттар кейбір қыз­мет­терге тапсы­рыс беріп, салық­тарды төлей ала­ды. Сонымен қатар министр он­лайн­да төлеуге болатын сервистер мен қызметтердің саны үнемі артатынын атап өтті. Интернет-дүкендерге қазақстан­дықтардың сенімін арттыру үшін кездесудің барысында “Сенімді дүкен” қауымдастығын құру туралы ұсыныс айтылды. Қауымдастықтың негізгі рөлі – электрондық ком­мерция саласына беделді сарапшы­ларды тарту арқылы барлық қазақстандық Интернет-дүкендерді бағалау. Асқар Жұмағалиев министрлік отандық интернет-дүкендерге қа­зақстандықтардың сенімін артты­руға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендігін айтып, өз сөзін қорытындылады.