• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2010

Бәрекелді!

713 рет
көрсетілді

ТЕАТР МЕН МЕШІТТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ Қостанай қаласының орталығын­дағы Алғашқы тың игерушілер алаңына қазақ драма театрының жаңа ғимараты салынатын болды. Бұл классикалық үлгідегі заманауи құрылыс І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма теа­трының он жылдығы қарсаңында оның ұжымы мен жалпы өнерді ұлық тұтатын қостанайлықтарға тамаша тарту бол­ға­лы отыр. Қостанай қаласындағы зиялы қау­ым өкілдері болашақ театр түсетін құ­ры­лыс алаңына көп жиналды. Облыс әкімі Сергей Кулагин өнерсүйер қауым­ды жағымды жаңалықпен құт­тықтай отырып, театрдың бір жыл ішін­де дайын болатынынан хабардар етті. – Биыл жыл аяғына дейін төрт ай, келесі жылы сегіз ай уақытымыз бар. Театр ине-жіптен шыққанша апта сайын емес, күн сайын келіп, құрылыс барысын көріп тұрамын, – деді Сергей Витальевич. Театр құрылысына 1 миллиард 886 миллион теңгеге қарастырылған. Еңселі құрылыс төрт қабаттан тұрады. Онда театр актерлері мен көрермендерге бар­лық жағдай жасалатын болады. Сол күні Қостанай қаласындағы Маяковский көшесінің бойынан жаңа мешіттің де іргетасы қаланды. Облыс ор­талығындағы ХІХ ғасырдың ескерт­кі­ші болып саналатын ескі мешіт үйі мұ­сылман жұртшылығына тарлық ете­тін. Діни мерекелерде мешіттің ішіне сый­маған жұрт оның сыртында оты­ра­тын. Осыдан екі жыл бұрын облыс ор­талығында мешіт салу туралы шешім қа­былданып, оның орны туралы біраз әң­гіме болғаны да рас. Енді таңдалған орында зәулім мешіт құрылысының қазығы қағылды. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай. * ** ҚАРАСАЙ БАТЫР АТЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕКТЕП дарынды шәкірттерге есігін айқара ашты Өркениетке бет бұрған қазіргі ке­зеңде дамитын ел дарынды ұландары­нан көп үміт күтетіні түсінікті. Осы­лай­ша бесігін түзеп, білімдіге жол ашуға ұм­тылған тұста жер-жерде үш тұғырлы тілді алға қойған білім шаңырақ­тары­ның қатары молаюда. Соған сай Ала­тау­дың етегіндегі Қарғалы ауылының “Наурыз” ықшам ауданында “Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қа­расай батыр атындағы арнаулы гим­назиясы” мемлекеттік мекемесі жаңа оқу жылында өз шәкірттерін құшақ жая қарсы алды. Құрылысы бұрнағы жылы бастал­ған 500 орындық гимназияның ірге­ле­нуі үшін республикалық бюджеттен 818 млн.теңге қаражат бөлініпті. Оны ой­дағыдай игерген құрылысшылар сәу­лет­ті ғимаратты білім күніне тарту етті. Тағы бір айта кететін жай, аталған ық­шам ауданға тарихи атамекеніне қоныс аударған қандастарымыздың көптеп орныққаны. Сондықтан соңғы бес жылда республика бойынша алғаш Нау­рыз мерекесі тойланған осы ашық алаңнан оралмандарға жер телімі бері­ліп, ауыл іргесі кеңейе түскен-ді. Мұн­да­ғы сәулетті үйлер ата жұртына орал­ғандардың бүгінгі әлеуметтік жағ­дайы­нан жан-жақты хабардар етіп тұр­ған­дай. Қарғалы ауылдық округіне қа­расты аймақтағы халық саны осылайша өсуімен бірге, мектепке баратын бала­лар қатары да жыл санап арта түсті. Ел­ба­сының “100 мектеп, 100 аурухана” бағ­дарламасымен қолға алынған құ­ры­лыс нысаны аяқталып, көл-көсір қуа­ныш­қа бөленген шәкірттер алтын ұя­ла­рының табалдырығын аттауға мүм­кіндік алды. Білім шаңырағының ашылу салта­натына Жамбыл ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев қатысты. “Ела­ман” құрылыс фирмасының бастығы Ар­тығали Миразов мектеп басшылы­ғы­на гимназияның нышанды кілтін табыс етті. Алғашқы қоңырау қағылып, құ­шақ­тары гүл дестелеріне толған ұстаздар мен шәкірттер сынып табалдырығын аттады. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы, Жамбыл ауданы.