• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Қыркүйек, 2010

Елбасы қабылдады

354 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) бас хатшысы Винсент Гонсалес Лоссерталесті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстанда “ЭКСПО-2017”-ні өткізу мүмкіндігі талқыланды. Біздің еліміз осы халықаралық көрмені өткізу үшін барлық талаптарға сәйкес келетіні атап өтілді. – Қазақстанда “ЭКСПО-2017”-ні өткізу үшін барлық мүмкіндіктер бар. Атап айтқанда, елорда қарқынды дамуда, Қазақстан Киото хаттамасын бекітті. Сонымен қатар Қазақстан энергетика саласында көш бастап келе жатқан әлем елдерінің бірі болып табылады,  ал “ЭКСПО-2017” көрмесінің тақырыбы энергияның жаңа түрлерімен байланысты, – деді журналистерге арналған брифингте ХКБ бас хатшысы.