• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2010

Денсаулығың өз қолыңда

7452 рет
көрсетілді

Осындай талап үдесінде тұрған бүгінгі күннің тақырыбы Елба­сы­ның биылғы Жолдауында айтылған мынадай бір жолдармен ұштасып жатқандай: “Елді жаңғырту страте­гиясын іске асырудың табыстылы­ғы, ең алдымен қазақстандықтар­дың біліміне, дене болмысының мық­тылығына және көңіл-күй­ле­ріне байланысты” деуге әбден бо­лады. Иә, қашанда адам денсаулы­ғы – алғашқы орында тұрады. Дені сау, жаны таза адам қоғам байлы­ғы. Адамзат баласының дене бол­мысы мен рухани байлығы дегені­міздің өзі – бұл сол адам капита­лының бәсекеге қабілеттілігін арт­тыру үшін болашаққа деген бел­сен­ді қадам жасау деген сөз. Маман дәрігер сарапшылардың айтуы бой­ынша адамның денсаулық жағ­дайы­ның 70 пайызы оның өмір сүру, күнделікті тыныс-тіршілік қалпын қалай алып жүруімен ан­ық­талады. Сондықтан да, сала­матты өмір салтын қалыптастыру және адамның өз денсаулығына деген жауапкершілік қағидаттары – денсаулық сақтау саласында, мем­лекеттік саясатта және тұрғын­дардың күнделікті өмір сүру тәрті­бінде басты байлық саналады. Адам­ның денсаулығына жағымсыз әсер ететін зиянды әдеттер, дұрыс тамақтанбау, жұмыстағы қолайсыз шарттар, моральдық және психика­лық әлсіздік, отбасындағы келісім­сіздік, жалғыздық және басқа да мысалдар бар. Бұл күндері көп айты­ла беретін экологиялық ахуал, яғни ауаның, судың, топырақтың ластануы және күрделі табиғи-кли­маттық жағдайлар да денсаулыққа кері әсер етеді. Ал, жалпы жас өс­кін жасөспірімдер арасында ішім­дік, нашақорлық және темекі шегу сияқты зиянды әдеттердің таралуы өкінішті. Міне, сондықтан да біздің алдымызға саналы дені сау ұрпақ өсіру, оларды өз денсаулықтарын сақ­тауға, шынықтыруға жас күнде­рі­нен бастап тәрбиелеуге орай са­ламатты өмір салтын қалыптастыру міндеті қойылды. Ал, біздің қо­ғам­ның басты міндеті саламатты өмір салтының құндылықтарын енгізу арқылы болашақ ұрпақты, жастар­ды өз денсаулықтарын сақтауға шақырып, оның жалпы еліміз үшін маңыздылығын, демографиялық ахуал­ды жақсартудағы рөлін тү­сіндіру болып табылады. Дені сау ұрпақ – болашақ кепілі. Яғни, әр отбасы, әр ата-ана өз бала-шаға­сы­ның денсаулығы үшін, олардың дұ­рыс тамақтанып, дұрыс демалула­ры­на жағдай туғызулары қажет. Денсаулық – зор байлық. Пси­хологиялық-философиялық тұрғы­дан айтқанда, ол – өзара мүдде және мемлекеттің, қоғамның, бизнестің, жеке адамның жауапкершілік ала­ңы. Яғни, егер адам өз денсаулығы үшін жауапкершілікке дайын бол­ма­са, онда мемлекетті, бизнесті не­месе қоғамды жауапкершілікке ша­қы­рудың мәні де жоқ. Әр адам өз денсаулығын қорғап, сақтаушысы болуы керек. Халық денсаулығын сақтауды жақсарту мақсатында жұ­мыс жүргізуде. Сол үшін де жер­гілікті медициналық мекемелер ту­бер­кулез, онкологиялық және жы­ныстық жолмен берілетін жұқпалы індеттер, нашақорлық, жүйке жүйе­сінің зақымдануы сияқты әлеумет­тік маңызы бар аурулармен күресу­ді басты міндет санайды. Еліміздің денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың 2005-2010 жыл­дарға арналған бағдарламасының шеңберінде облыста Баянауыл, Қа­шыр, Ертіс аудандарында туберку­лез­­бен ауыратын адамдарды емдей­тін арнайы диспансерлер ашылды. Сонымен қатар, Павлодар, Екібас­тұз, Ақсу қалаларында жаңа емха­на­лар пайдалануға берілді. Өткен жылы Железин ауданының орта­лығы Железин ауылында және Май ауданының Көктөбе ауылында ор­та­лық аудандық ауруханалар, сон­дай-ақ Ақсу қаласында емхана ашылды. Қазіргі кездегі жүрек-қан тамыр ауруларының әлеуметтік маңызын ескере отырып, облыс ор­талығындағы №2 қалалық ауруха­на­сында жүрекке ота жасауға ар­нал­ған операция бөлмелері бар 20 төсектік кардиохирургиялық бөлім­­ше ашылды. Бұл бөлімшеде жақсы қызмет жасау үшін шетелдерге 17 дәрігер жіберіліп, олар өз маман­дықтарын жетілдіріп, білім толық­тырып келді. Ал, кейбір ауыр ота­лар жасау үшін шақыру бойынша Астана, Алматы, Новосібір клини­каларының кардиохирург-дәрігер­лері келіп қызмет көрсетеді. Ағым­дағы жылда үш облыстың тұрғын­дары келіп емделе алатын аумақ­тың кардиохирургиялық орталық­ ашылады. Сондай-ақ, ісік ау­рулары мен қатерлі ісіктерді, сон­дай-ақ қан айналымы ауруларын анықтау мақсатымен балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, әйелдер жә­не ересек адамдар жыл сай­ын ал­дын ала медициналық тек­се­­ру­лер­­ден өтеді. Мұндай шаралар ау­ру­ды ерте кезде анықтап, емді уа­қ­тылы алуына мүмкіндік береді. Ау­рулар­дың кейбір түрлері бой­ын­ша нау­қас­тар тегін және жеңіл­дік­пен бері­летін дәрі-дәрмектермен қамтыла­ды. Әйелдерге көрсетілетін медици­налық көмекті жақсарту мақсаты­мен “Ана қауіпсіздігі” бағдарла­масы іске асуда, Ғалым Сұл­танов атындағы облыстық ауру­хананың диагностика орталығында жүкті әй­ел­дерді тексерудің жаңа техноло­гия­сын енгізуі жалғасуда. Облыс орталығында мамыр ай­ында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің қатысуымен өңіраралық алқалы жиын өтті. Қазіргі кездегі жиі ай­ты­латын ана мен бала өлімін екі есе төмендету, жалпы өлім-жітімді 30 пайызға азайту және туберкулез ауруын 20 пайызға төмендету мәсе­лелері Елбасының биылғы Жол­­дауында да айтылды. Елімізде салт-дәс­түрлері өзгеше әртүрлі ұлт өкіл­дері тұрады. Ал біздің ата-баба­ларымыз әуелден-ақ мал мен жан­ның аман­дығын бірдей тілеген, тамақты тал­ғап, сүт пен етті, құ­нарлы қы­мыз­ды, шипалы шөптерді пайда­лан­ған. Бұл күндері халал та­ғамдар мол сауда орындары ашыла бастады. Ден­саулықтың кепілі ас-су мәзі­рі­міз­де деп тегін айтылмаған ғой. Қа­зақ дастарқан мәзіріне, ас­тың қа­дір-қасиетіне аса мән бере білген. Ол бүгінгі күнге дейін ұр­пақ­тан-ұр­паққа жалғасып келе жатыр. Хал­қымыздың ұлттық мен­талитетке сай осындай танымдық салт-дәс­түр­лері балаларының жа­ман әдет­тер­ден аулақ болуына, от­басын тәр­бие­леуге, саламатты­лық­қа тәрбие­лейтін бірден-бір жол деуге әбден болады. Дәулетбек МУСИН, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары. Павлодар. * * * ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ САҚТЫҚТЫ ҚАЛАЙДЫ Бүгінгі күні Қазақстан бойынша күніне орта есеппен балалардың зар­дап шегуіне соқтыратын 8 жол-көлік апаты орын алып тұрады екен. Жол апатының салдары қаншалықты зиян екендігін ескерсек, бұл санның жоға­ры көр­сет­­кіш екендігін мойын­дауға тура ке­леді. Осы мәселеге орай Ас­та­на қалалық №2 балалар ауру­ха­на­сында денсаулық сақтау басқарма­сы, жол полициясы, білім беру жүйесі өкіл­дері бас қосып, баспасөз конфе­­ренциясын өткізді. Мамандар елор­дада күніне қаншама балалар зардап шеккен жол-көлік оқиғасы тіркеле­тін­дігі, сондай-ақ олардың қалай ал­дын алу керек­тігі жөнінде әңгіме қозғады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметтеріне қарағанда, әлемде жыл сайын жол-көлік апатынан 1,2 млн. адам қай­тыс болып, 500 млн.-дайы жарақат алып отыратын көрінеді. Халық­аралық сарапшылардың берген ба­ғасына сәйкес, жол-көлік апатынан келетін залал орта есеппен ІЖӨ-нің 2,2 пайы­зын құрайды, ал Қазақстан үшін бұл 1,7 млрд. АҚШ долларына тең. Бүгінде көлік ас­тына түсетін балалардың 74 пайызы орта мектеп оқушылары екен. Алай­­да мектепте жол жүру ере­же­лерін оқытатынына қарамастан, бұл сан­ның осыншама көп пайызды құ­­­рауы түсініксіз. Осы­ған орай қа­зіргі таңда Астана­дағы әрбір орта мек­теп­ке жол полициясы қызмет­кер­ле­­рін бекіту дағдыға айналып келеді. – Қанша айтқанмен баланың аты – бала. Балаға қазір айтқаның қазір-ақ ұмыт болады. Сондықтан олар ғана емес, аталмыш мәселеге үлкен­дердің де баса назар аударуы қажет. Оларға көлік жүргізу кезінде асық­пауды міндеттеу керек-ақ. Балалар көп жиналған жерде өте сақтықпен өту керек, деді сөз алған Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы, хирург Қанат Дүйсенбаев. Расында да, балалар жүргізушіге қарағанда жолаушыларға арналған ережелердің аз бөлігін ғана біледі. Сондықтан ересектерге қойылатын талаптарды оларға қою қисынсыздау. Жасы мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты балалар келе жатқан көлік алдында жол қозғалысы ережесін бұзу қаншалықты қауіпті екен­дігін жете сезіне бермейді. Күтпеген жерде алдынан шыға келуі мүмкін әрекеттері жылдам әрі аңғал болуы мүмкін. Осы себепті жүргізуші өте сақ болғаны абзал. Мамандардың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының негізгі себеп­терінің бірі ЖҚЕ білмеу және оны сақтамау, мас күйінде көлік жүргізу, қауіпсіздік белдігін тақпау, автомото­­көліктердің шектен тыс артуы, кө­шелерді кесіп өту кезінде немесе рөл­де ұялы телефонды қолдану бо­лып табылады. Осы орайда, атап өте кететін тағы бір мәселе ЖҚЕ білмеу­дің себептері неден туындайтын­ды­ғында. Біздіңше, мұның бір ұшы қап­тап кеткен көлік жүргізуді үй­ретіп, куәлік беретін мекемелер мен құзырлы органдардың өз жұмыста­рын салақ атқаруында дер едік. Өйткені жүргізуші куәлігін сатып алу жағдайларының жиі кездесіп оты­ра­тындығы жалған емес. Бұл жөнінде Астана қалалық Ішкі істер бас­қар­ма­сының бөлім бастығы Марат Тұяқ­баев мұндай жағдайлар кездесе қал­ған кезде кінәлілердің заң жүзінде жазаланатындығын ескертті. Күн сайын автокөлік жүргізуді үйрететін орталықтарды тексерістен өткізіп, бақылап отырамыз деген полиция майорының сөзіне сенеміз, дегенмен жүргізуші куәлігін сатып алатындар саны көбеймесе азаймағандығы ақи­қат. Олардың бірі уақытты сылтау­рат­са, бірі емтихан тапсырудан қа­ша­ды. Ал тәжірибенің жоқтығы мен білік­сіздік соңы неге апарып соға­тын­дығы белгілі. Қалалық ІІД өкіліне қойылған сауалдардың ішінде тағы бірі, ше­неуніктер немесе олардың туыстары, ақша мен жоғарыдағы “көкелерін” арқа тұтып, заңнан жалтаратындар қатары көп пе деген сұрақ болды. По­лиция майоры жол-көлік оқиға­сы­­на кез келген адам тап болуы мүмкін, одан ешкім алдын-ала сақтандырыл­маған, деп жауап қай­тар­ды. Мұнан соң баспасөз конфе­ренциясына қаты­сушыларға түрлі брошюралар тара­тылып, бейнеролик көрсетілді. Жол ережесін сақтамай өткен ананың ісі кім-кімнің бол­ма­сын жүрегін ауыр­тады. Бейнеролик тек жүргізушінің ғана емес, сондай-ақ жаяу жүргін­шілерді де бей-жай қалдырмайды. Әлемнің бар байлығы бір сә­бидің көз жасына тұрмайды деген екен Ф.М.Достоевский. Баламыз жол-кө­лік апатынан жарақатсыз, аман-есен болсын десек, айтылған мәселелерге мұқият қарайық, ағайын! Венера ТҮГЕЛБАЙ.