• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2010

“Самұрық-Қазына” қоры – бас демеуші

639 рет
көрсетілді

Сәрсенбі күні “2011 жылғы VІІ Қысқы Азия ойындары ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы” АҚ пен “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі келісімге қол қойылды. Азия ойындары – Қазақстан­ның спорт тарихындағы ерекше оқи­ға. Өйткені, ол еліміздің спорт­тық менеджментінің тәжірибесін жетілдіріп қана қоймай, әлемдік ауқымдағы бет-бедерін арттырады. Оған қоса, отандық компания­лар­дың қадамын қарыштатып, олар­дың брэндін танымал ете түседі. VІІ Қысқы Азия ойындарын өткізуді экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалану мақсатында ұйым­­дастыру комитеті 6 дәреже бойынша 43 демеушілік пакет талдады. “2010 жылғы VІІ Қысқы Азия ойындары ұйымдастыру ко­ми­тетінің атқарушы дирекциясы” АҚ-пен келісімнен кейін “Са­мұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ 2011 Азиаданың бас демеушісі болатын болды. “Тәжірибе көрсеткендей, халық­аралық спорттық шараларда бірінші дең­гейдегі негізгі пакеттер­ге ірі ұлт­тық компаниялар ие бола­ды. Мәсе­лен, Бейжің Олимпиа­дасында негіз­гі серіктес – “Sіnopec GNPC”, “Bank of Cһіna”, “Cһіna network”, “Cһіna mobіle” компа­ния­лары болса, Сочиде өтетін Қысқы Олим­пиялық ойындардың серік­тестері – “Роснефть”, “Рос­телеком”, “Сбер­банк”, “Аэро­флот”, т.б. “Самұрық-Қазына” қоры – ірі компания. Бұл компания ірі әлеу­мет­тік жобаларды қолдауда мол жәр­демін тигізіп отыр. Соның ішін­де VІІ Қысқы Азия ойындарын өт­кізбек”, – деп атап көрсетті 2011 жыл­­ғы VІІ Қысқы Азия ойындары ұйымдастыру комитетінің атқару­шы дирекциясы” АҚ прези­денті Анатөлі Құлназаров. “Шешім қабылдау негізінде Азия ойындарының қазақстандық ком­панияларды әлемдік ауқымға бас­тай­тын керемет мүмкіндігіне ерек­ше мән бердік. Бұл жағдайды мақ­сатты түрде пайдалануымыз қа­жет. Азия ойындары Азия рыно­гы­на ену жолындағы сенімді серіктес­тікке жол ашады, – деді “Са­мұрық-Қазы­на” ҰӘҚ” АҚ-тың бас­қарушы дирек­торы – басқарма мүшесі Қайрат Әйтекенов. Ұйымдастыру комитетінің демеу­шілік пакеті аясында “Са­мұрық-Қа­зына” ҰӘҚ компания­сы­ның брэн­­дін алға жылжыту жолын­да Азия ойын­дарына дейін де, оны өт­кізу кезінде де кең көлемде қыз­мет көр­сетілмек. Бас демеуші Азия ойын­­дары өтетін барлық негізгі спорт­тық және қосал­қы нысан­дар мен оқиғаға арналған нысандарға ерекше ықы­лас таныту­да. Бұл па­кет­тің керемет­тігі – алға жылжы­ған бағ­дар­лама­ның кешенді әрі мақсатты болуы. “Самұрық-Қазына” иелік еткен демеушілік пакет құны 3 млрд. тең­гені құрайды. Демеушілік ая­сында бө­лін­ген қаржы ұйымдас­тырушы­лық, тех­ни­калық және бет-бедер мә­селесін ше­­шу­ге бағыттал­мақ. Ұйым­дастыру ко­­­митеті барлық спорт­тық нысандар­ға бірыңғай бақылау билеті жүйесін бе­кітуді жоспарлауда. Бұл жоспарға спорт­тық нысандарды ин­фра­құры­лым­­дық жағынан жетілдіру де кіреді. Сон­дай-ақ, тесттік жарыс өткізу шы­­­ғы­­ны жабылып, ақпарат­тар таратыл­мақ.