• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2010

Ұстаздар ұлықталып, мектептер марапатталды

592 рет
көрсетілді

Еліміздің, қала берді облыс­тың бәсекеге қабілеттілігін айқын­дай­тын ұстаздар еңбегі екені сөзсіз. Бі­лімді ұрпақ қана ел экономикасы мен мәдение­ті­нің, әлеуметтік сала­сының өр­кендеуін қамтамасыз ете алаты­нын Елбасымыз Нұрсұлтан На­зарбаев ұдайы айтып келеді. Ал осы міндетті назарда ұстап келе жат­қан облыс әкімі Елеусін Са­ғын­ды­қов ұстаздарға әлеуметтік жағдай туғызуға көңіл бөлуде. Облыс әкімі мұғалімдер мәрте­бесін көтерудің, қолдаудың үлгі­сін көрсетіп отыр десек, артық айтқандық болмас. Өңір бас­шы­сының тікелей ұйытқы болуымен соңғы жылдары үздік ұстаз­дарды қаржылай қолдау жүзеге асы­рылуда. Жақында білім беру ұйым­дары­ның, арнаулы оқу орын­да­рының беделін, мұғалім мәрте­бе­сін арттыруға ықпал ету және пе­да­­гогикалық ұжымдар мен ұстаз­дар­дың кәсіби білік­тілігін ын­та­лан­ды­ру мақсатында ұйымдасты­рыл­­ған “Білім жетістіктері” облыстық марафон-байқауының қорытын­ды­сы шығарылды. Бұл жөнінде об­лыс­тық білім басқар­ма­сының бас­ты­ғы Аманғали Құ­дайбергенов бұ­қа­ралық ақпарат құралдары өкіл­дерімен өткізген арнайы баспасөз мәслихатында кеңірек таныстырды. Үстіміздегі жылы облыстың үз­дік білім ұйымдары мен ұстаздарын марапаттау үшін 135,0 млн. теңге бөлініпті. Марафон-бай­қауға қа­тысқан 2286 мұға­лімнің 916-сы жеңімпаз атанды. Облыс әкімінің 120 мың теңге көлеміндегі гран­ты­на 507 мұғалім, 110 класс жетек­шісі, 94 мектепке дейінгі балалар ме­кемесінің тәрбиешілері, 60 қо­сымша білім беру мұғалімдері, 83 кол­ледждер мен лицейлер мүға­лі­мдері, 25 өндірістік шеберлер және 37 кор­рекциялық білім беру сала­сының мұғалімдері ие болды. Сон­дай-ақ, 34 білім беру мекемесіне 500 мың теңгеден 1 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.