Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Онда Қазақстанда Владикавказдағы лаңкестік әрекет салдарынан адамдардың қайтыс болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады, деп атап өтілген.
“Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қайтыс болғандардың отбасыларына, туғандары мен жақын туыстарына қатты қайғырып көңіл айтамын”, – делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.
* * *
Туған-туыстарына көңіл айтты
78 жасқа қараған шағында “ХОЗУ” корпорациясы” ЖШС бас директоры Владимир Васильевич Ни қайтыс болды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.