Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының отырысы өтті. Онда Мәжілістің салалық комитеттерінің ұсынуымен алдағы аптада өтетін жалпы отырыстың күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер қаралды.
Депутаттардың талқысына бірқатар халықаралық құжаттарды бекітуді көздейтін заң жобалары ұсынылатын болды. Атап айтқанда, “Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы”, “Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы”, “Уақытша әкелу туралы конвенцияны ратификациялау туралы” және “Қазақстан Республикасы мен Еуропа Инвестициялық Банкі арасындағы Еуропа Инвестициялық Банкінің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы” заң жобалары палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне ұсынылды.
Сонымен бірге, Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жобаларына қорытынды әзірлеу уақыттары анықталатын болады.
“Егемен-ақпарат”.