• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2010

Қырғызстан президентімен әңгіме

476 рет
көрсетілді

ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қырғыз Республикасы өтпелі кезеңінің Президенті Роза Отунбаевамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Сұхбаттастар Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев достас мемлекет үшін ұсынған Қырғыз­стан­ды экономикалық оңалту бағ­дар­ламасын жүзеге асыру жайын тал­қылады. Әңгіме барысында Қыр­ғызстандағы ағымдағы жағдай­ға, оның ішінде парламент сай­лауына баса назар аударылды. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ 24 ұзақ мерзімді және 300 қысқа мерзімді бай­қау­шы­лар миссиясын жібергені бел­гілі. Қазіргі кезде Бішкекте ЕҚЫҰ-ның жанжалдардың алдын алу жө­ніндегі  орталығының директоры Хер­берт Зальбер ЕҚЫҰ-ның поли­ция­лық консультативтік тобының алдағы қызметі бойынша консуль­тациялар өткізуде. Тараптар алдағы аптада Біш­кек­ке ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төр­ағасының Арнайы өкілін, ҚР Пар­ламенті Мәжілісінің вице-спикері Жәнібек Кәрібжановты жіберу ту­ра­лы уағдаластыққа қол жеткізді. Ол БҰҰ мен ЕО-ның тең төраға­лары Мирослав Енчамен және Пьер Мо­рельмен бірлесіп, Қырғыз Республи­касының басшылығымен осы елге халықаралық қоғамдастық тарапынан ықпал ету шараларын одан әрі үйлестіру бойынша жан-жақты консультациялар өткізетін болады.