• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2010

Украиналық әріптесімен сөйлесті

409 рет
көрсетілді

ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік хат­шысы – Сыртқы істер ми­нистрі Қанат Саудабаев Украи­на Сыртқы істер министрі Кон­стантин Грищенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабар­лады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Сыртқы саясат ведом­ство­лары­ның басшылары әңгіме барысында үстіміздегі айға жос­парланып отыр­ған Қазақсан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың Ук­раинаға ресми сапарына дайын­дық және өткізу мәселелерін талқылады. Тараптар алдағы жоға­ры деңгейдегі ке­ліссөздер Астана мен Киев арасындағы үнқатысуды те­реңдетуге және кеңейтуге жаңа маңызды серпін қосатынына сенім білдірді. Сондай-ақ 1-2 желтоқсан күн­дері елордада өтетін ЕҚЫҰ самми­тінің күн тәртібі мәсе­лелері қаралды.