• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Қыркүйек, 2010

Владимир Васильевич НИ

939 рет
көрсетілді

2010 жылғы 10 қыркүйекте 78 жасқа қараған шағында тамаша адам, талантты ұйымдастырушы және басқарушы, өзінің ұзақ жылдарғы жоғары кәсіби қызметі­мен елдің әлеуметтік-экономи­ка­лық дамуына, Қазақстан мемле­кет­тілігінің қалыптасуы мен ны­ғаюы­на елеулі үлес қосқан Вла­ди­мир Васильевич Ни қайтыс болды. В.В.Ни 1933 жылғы 7 қаңтарда Ресей Федерациясының Влади­вос­ток қаласында туған. Оның еңбек жолы Қазақ кен-метал­лургия инс­титутын бітіргеннен кейін біздің еліміздің халық шаруашылығы кешенімен тығыз байланысты болды. Ол көмір өндіру жөніндегі учаске қызмет­шісінен Мемлекеттік жоспарлау комитетінің көмір өнеркәсібі және газдандыру бөлімі басты­ғының орынбасарына, одан кейін елдің Министрлер Кеңесі Төрағасының көмекшісіне дейінгі үлкен еңбек жолынан өтті. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетінің, жоғары кәсіби және мо­ральдық қасиеттерінің арқа­сын­да Владимир Васильевич қоғамда зор бедел мен құрметке бөленді. Ол әрдайым бар күш-қуатын жұмысқа жұмсап, оны жанын сала атқаратын. Тәуелсіз Қазақстанды құрудың мәртебелі парызына, елімізде президенттік институтын дамытуға адал болып, өзінің бел­сенді жұмысымен реформалардың алға қарай басуына, қоғамда тұ­рақтылық пен келісімді қамта­ма­сыз етуге жәрдемдесті. Бұл, әсіресе, оның Президент Аппараты Басшысының орынба­сары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шаруашылық басқармасының бастығы, содан кейін Мемлекет басшысының Іс басқарушысы болып жұмыс істеген кезеңінде айшықты көрінді. Оның үлесіне Астана құрылысына тікелей де белсене қатысудың, мемлекеттік органдарды біздің жаңа елордаға көшіруді қамтамасыз етудің зор құрметі мен жауапкершілігі тиді. В.В.Нидің қызметін мемлекет жоғары бағалады, ол “Отан”, “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев” ордендерімен, көпте­ген медальдармен наградталған. Владимир Васильевичпен бірге жұмыс істегендердің бәрі де оны бар болмысымен іске берілген адам ретінде білді, ол үшін елге және халыққа, прогресс пен де­мократияның жоғары мұрат­тарына қызмет ету басты нәрсе болатын. Владимир Васильевич Нидің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде әрдайым сақталады. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы.